Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында құрылыс материалдарын шығаратын з...

Алматы облысында құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар салынады

Әлеумет 12.05.2022, 13:24 911
Алматы облысында құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар салынады
Cурет: Egemen.kz

Құрылыс саласындағы 5 жаңа жоба қолға алынбақ


Алматы облысында құрылыс материалдарын өндіретін 5 жаңа кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев «ТК «Газоблок» компаниясы мен «Алмпласт» ЖШС басшыларымен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Облыс әкімі Қанат Бозымбаев өз сөзінде елімізде құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. 



Бүгінгі таңда құрылыс секторы ел экономикасының негізгі драйвері болып табылады. Соның ішінде біздің облыста құрылыста жаңа серпін байқалады. Құрылыс материалдарын шығаруға инвестициялық белсенділік артып отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз ықпал тигізетін болады. Бүгін Іле ауданы мен Талдықорған қаласында жаңа зауыттар салуды жоспарлап отырған екі инвестормен арнайы кездесіп отырмыз, - деп атап өтті Бозымбаев.



Меморандум аясында құрылыс саласындағы 5 жаңа жоба қолға алынбақ. Мәселен, «ТК «Газоблок» компаниясы Іле ауданында 3 зауыт, Талдықорғанда 1 зауыт салуға ниетті. Бұл кәсіпорындар газоблоктар, цемент панельдердің талшықтарын, шыны мақталарын шығаратын болады. Жобалар жеті жылға жоспарланған. Шамамен 26 млрд. теңге инвестиция тартылып, 240 жұмыс орны ашылады. 



Біз шығаратын құрылыс материалдары негізінен сырт елдерден әкелінеді. Қысқаша айтқанда, импортқа тәуелді. Сондықтан біз ішкі нарықтың сұранысын отандық өнімдермен толықтыруды мақсат етіп отырмыз, - деді «ТК «Газоблок» компаниясының бас директоры Максим Ким жоба жайлы қысқаша баяндап.



Ал «Алмпласт» ЖШС «Талдықорған» индустриалды аймағында диаметрі 20-1200 мм пластик құбырлар шығаратын өндіріс орнын ашады. Жоба 2022-2023 жылдары іске асырылады. Тартылатын инвестиция көлемі – 2,6 млрд. теңге, 37 жұмыс орны құрылады. Жобаның жылдық қуаты - 16,8 мың тонна.
Бұл жобалар құрылыс индустриясының дамуына жаңа серпін беріп, ел нарығына отандық құрылыс материалдарын көптеп шығаруға үлес қоспақ. 
Меморандумға Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, «ТК «Газоблок» компаниясының бас директоры Максим Ким мен «Алмпласт» ЖШС директоры Сабырхан Қасымов қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #зауыт #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Бүгін 21:27

Алматылық спортшы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Бүгін 20:25

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясы жобасына қатысты түсіндірме

Бүгін 18:36

Қорғаныс министрі Парламент депутаттарына Алматыда Sarbaz+ жобасын таныстырды

Бүгін 16:47

Алматыда Жаңа Конституцияны қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі