AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзға...

Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді жауапқа тартты

Заң мен тəртіп 12.06.2024, 17:15 856 dulatbekova
Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді жауапқа тартты
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған 1200-ден астам шетелдікті жауапқа тартты.

1200-ден астам шетелдікті Алматы облысының полицейлері 3-9 маусым аралығында өткен “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– ЖПІШ өткізу кезінде өңірдің полицейлері көші-қон заңнамасы саласында 1582 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 1272-сі шетелдіктер, 310-ы ҚР азаматтары, 37-сі ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді тартқаны үшін жазаланды. Қабылдағыш-дистрибьюторға жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 44 адам қамауға алынды, – деді көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Лейла Асыл-Кеней.

 Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында ҚР аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген, осыған байланысты тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

– Отандастарымыздың тарапынан қабылдаушы тұлғалар көші-қон қызметіне шетелдіктің келгені туралы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148-қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында көшіп келушілердің келуі мен болу қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінде болып жүрген көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Бұл хабарлама міндетті түрде шетел азаматы келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған және иммигранттың болуы туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы Жеке және заңды тұлға 518-бап бойынша, ал заңды бұзған шетелдіктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Жеке және заңды тұлғалар иммигранттың келгені туралы тікелей “e-Qonaq” электрондық визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлай алады, – деп толықтырды Л. Асыл-Кеней.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетелдік #жауапқа тарту #Көші-қон заңнамасы #бұзу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);