AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында мемлекет бюджетіне салынған мекте...

Алматы облысында мемлекет бюджетіне салынған мектеп қаңырап тұр

Әлеумет 18.01.2023, 16:00 1,163
Алматы облысында мемлекет бюджетіне салынған мектеп қаңырап тұр
Сурет: Almaty.tv

Білім бөлімінің өкілі сұраққа мардымды жауап бере алмады.


Алматы облысында мемлекет бюджетіне салынған мектеп қаңырап тұр. Құрылысына қыруар қаражат кеткен ғимарат қазір, ауыл тұрғындарының айтуынша, қаңғыбастар мен нашақорлардың мекеніне айналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Әйтей ауылының қақ төрінде қаңырап тұрған бұл ғимарат 2008 жылы салынған. Мектеп ретінде пайдалануға берілген нысанның алып жатқан аумағы да аз емес. Алайда мемлекет қаражатына бой көтерген білім ордасында есіктегі құлыптан басқасының бәрі қирап біткен.



«Обал, әрине. Ақшаға салынған дүние. Я халыққа пайдасы тисе екен, босқа қараусыз қалды. Дарбазасы да аңғал-саңғал. Мысалы, менің балаларым мектепке барады. Балаларымды жалғыз жіберуге қорқамын», – деді  Әйтей ауылының тұрғыны Тамара Әбдіремова.



Елді мекен тұрғындары бұл ғимарат қараусыз қалғалы нашақорлар мен ішімдікке салынғандардың ордасына айналғанын айтты. Расында, бұрынғы мектептің аумағында сыраның бос бөтелкесі, киім-кешек пен өзге де заттар жатыр.


Округ әкімі жұмыс бабымен өзге жерде жүргенін сылтауратып, «бәріне Қарасай аудандық білім бөлімі жауапты» деп құтылды. Мектептің не себепті бос қалғанын білмейтін сыңайлы. Білім бөлімінің өкілі де бұл сұраққа мардымды жауап бере алмады.



«Ескі мектептің ғимараты «апатты жағдайда» деп танылмаған. Ол туралы біздің қолымызда ешқандай құжат жоқ. Енді онымен арнайы мамандар айналысады. Жаңа мектеп салынды. Әлбетте, барлық оқушы сол жаңа мектепке барғысы келеді. Ол 1200 орындық, мектепте 1500 бала сыйып тұрғандықтан, сол мектепке көшірілген», – деді Қарасай аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсел Еркінбаева.



Әкімдік өкілінің сөзіне сенсек, бұған дейін бірнеше рет тексеріс жүргізген арнайы комиссия келешекте тағы жұмысын жалғастырмақ. Басты мақсат – ғимараттың жарамды не жарамсыз екенін анықтау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Бос нысан #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика