Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік елден шығарылды

Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік елден шығарылды  Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында өткен аптада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 270 шетелдік азамат анықталды.

Тексеру нәтижесінде олардың 14-і Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Біз көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау. Еліміздің аумағында болуды жоспарлаған шетелдіктер белгіленген ережелерді қатаң сақтауы қажет, – деп мәлімдеді облыстық көші-қон қызметі басқармасының өкілдері.

Депортацияның негізгі себептері – заңсыз еңбек қызметімен айналысу, елде болу мерзімін асыру және әкімшілік қадағалаудан жалтару. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстанның 119 азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары шетел азаматтарына көші-қон заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауға, қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеуге шақырады. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, жақын маңдағы көші-қон полициясы бөлімшесіне жүгінуге кеңес береді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17