ffin.kz

Алматы облысында жүздеген тұрғын баспанасыз қалуы мүмкін

Алматы облысында жүздеген тұрғын баспанасыз қалуы мүмкін Сурет: Ашық дереккөз

Жер учаскесін сатып аларда аумақтың қызыл сызықта тұрғанын ешкім ескертпеген


Алматы облысында тұрғын үй төңірегінде дау туды. Осыдан бір апта бұрын Қарасай ауданының жер бөлімі жүздеген баспананың сүрілетіні туралы хабарлаған. Себебі Көкөзек ауылының іргесінен газ құбыры өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.


Талап бойынша магистральдің екі жағында 150 метрге дейін нысан болмауы тиіс. Мұны жақында ғана естіген тұрғындарға төбесінен жай түскендей әсер еткен. Жанар Сейітқожаева төрт жылдан бері бар тапқанын баспанасына салып келеді. Ішін толық бітіргенше қыруар қаржы кеткенін айтады. Жер учаскесін сатып аларда аумақтың қызыл сызықта тұрғанын ешкім ескертпеді дейді.



«Арамызда 137 үйді салып тастағандар және оның 10 шақтысында ғана заңды құжат бар үйлерінде. Басқамызда құжат жоқ. Қаншама кредит алдық, көп балалы отбасылар бар, мүгедектігі анықталған отбасылар бар. Және жалғызбасты аналар тұрады», - дейді Көкөзек ауылының тұрғыны Жанар Сейітқожаева.



Ауыл халқының дені баспанасын заңдастырып үлгермеген. Ол аздай былтырдан бері үйдің құжатын рәсімдеуге жер бөлімі тарапынан шектеу қойылған. Тұрғындар себебін білмей дал. Жақында ғана баспаналарының сүрілетіні туралы хабар келген.



«Мына жерде жазылған "мемлекет меншігіне қайтарылсын" деп. Біз ол үйді басып алған жоқпыз. Ол жерді заңды түрде сатып алып отырмыз. Мемлекеттік актімен келісімшартпен заңды түрде. Газдың трубасын басқалай жүргізуді талап етеміз. Талабымыз - біздің құжатымызды жасап берсін», - деді Көкөзек ауылының тұрғыны Гүлім Құсайынқызы.



Жиналған жұрттың талабын тыңдауға облыс, аудан әкімдігінен адамдар келді. Айтуларынша, 2016 жылы өңір басшысының шешімімен аумақта құрылысқа тыйым салу туралы қаулы шыққан. Жер учаскелерінің де қалай заңдастырылып, сатылып кеткені белгісіз.



«Ол жерде құрылыс жүргізуге болмайды. Бізде суреті бар. 2016 жылы белгілегенде, бұл жерде бір үй де болмаған. Бұлардың барлығы - 2016 жылдан кейін салынған үйлер. Қазір сіздерге ешкім бұл үйді заңдастырып бермейді. Заңға қайшы болады», - дейді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қыдырбаев.



Құрылыс жүргізуге шектеу бола тұра, 40 шақты үй құжаттарын алып, заңдастырып алған. Бұл сауалға мемлекеттік қызметкерлер бір-біріне сілтеп нақты жауап бермеді. Жер учаскелерін сату фактісі бойынша Қарасай ауданының әкімдігі құзырлы органдарға шағымданбақшы. Ал тұрғындар мәселесі шешіледі деп сендірді.


Осылайша тараптар ортақ шешімге келе алмады. Тұрғындар алдымен маңдай ақы, табан термен салған баспанамызды заңдастырып алмай, келісімге келмейміз деп отыр. Мәселеге қашан нүкте қойылары әзірге белгісіз. Ал жоспар бойынша газ құбырын тарту жұмыстары жазда басталуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32