AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында жүгерінің рекордтық 270 мың тонна...

Алматы облысында жүгерінің рекордтық 270 мың тоннасы жиналды

Әлеумет 16.02.2025, 17:44 984 dulatbekova
Алматы облысында жүгерінің рекордтық 270 мың тоннасы жиналды
Сурет: Gov.kz

2024 жылы Алматы облысының диқандары 49,1 мың гектар жерге жүгері егіп, толық өнім жинады.

Орташа өнімділік гектарынан 55 центнерді құрап, жалпы 270,7 мың тонна өнім алынды. Бұл – өңірдің соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштерінің бірі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жиналған өнімнің негізгі бөлігі (175 мың тонна) мал азығына бағытталды, тағы 94 мың тонна өңдеуге жіберілді, ал 1,3 мың тоннасы келесі жылғы егу жұмыстарына қалдырылды. Негізгі өңдеушілер «Жаркент крахмал-патока зауыты» (78 мың тонна), «АзияАгроФуд» (60 мың тонна) және «Көк Теңіз» (14 мың тонна). Жүгерінің орташа сатып алу бағасы тоннасына 55-60 мың теңге болса, құс фабрикалары оны килограмына 74 теңгеден сатып алды.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында өңірде жүгері өңдеу субсидияланады. 2024 жылы бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлініп, фермерлерге өңдеуге тапсырылған әр тонна үшін 18 мың теңгеден өтемақы берілді. Облыста 102,6 мың тонна астық сақтай алатын үш лицензияланған қойма жұмыс істейді.

Алматы облысында жүгері өндірісінің тұрақты өсуі – дұрыс жүргізілген аграрлық саясаттың, фермерлерді қолдаудың және заманауи технологияларды енгізудің нәтижесі. Өңір елдегі басты астық өндірушілердің бірі болып қала береді. Ал келесі жылы біз егістік алқаптарын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті облыс әкімдігі.

2025 жылы жүгері егістік алқаптары 52,6 мың гектарға дейін ұлғайтылады, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артық. Бұл өңірдің елдегі астық нарығындағы орнын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #жүгері жинау #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Кеше 18:54

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Кеше 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);