AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында G4 City арнайы экономикалық аймағ...

Алматы облысында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылды

Әлеумет 17.03.2023, 09:30 914 Almaty-akshamy
Алматы облысында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылды
Сурет: Ашық дереккөз

Жаңа экономикалық аймақ


Үкімет қаулысымен 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы 30 мың га G4 City арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы 80 шақырым А3 тас жолының (Алматы - Қонаев) бойында орналасқан, оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді. Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады деген жоспар бар, бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді.


Мәселен, 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру, сондай-ақ 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Жалпы, жаңа экономикалық аймақтың қызметі G4 City-де туризм, медицина, көлік-логистика, білім беру және мәдени-демалыс салалары инфрақұрылымының жедел дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, АЭА режимі нысандарды салуға кететін негізгі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.


Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында G4 City жобасымен танысқан болатын. G4 City даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала төрт ауданнан тұрады: Gate City – іскерлік және қаржылық орталық, Golden District – білім беру және медициналық хабы, Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ, Green District – туристік кластер. G4 City-де шамамен 2,2 млн адам тұрады деп болжанып отыр.


Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#G4 City #экономикалық аймақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Кеше 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Кеше 17:57

Сенатта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Кеше 14:19

Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Кеше 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);