AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында да карантин күшейтілді

Алматы облысында да карантин күшейтілді

Әлеумет 14.01.2022, 12:30 1,274
Алматы облысында да карантин күшейтілді
Сурет: Zakon.kz

Облыс аумағында эпидахуал күрделі.


Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, төмендегі шараларды өткізуге тыйым салынады.


- концерт залдарының, цирктердің, филармониялардың қызметіне;


- діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар өткізуге (жұма намазы, діни жоралар және т.б.);


- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;


- түнгі клубтардың қызметіне;


- қоғамдық тамақтану объектілеріндегі бар тіреулерде қызмет көрсету, ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметі (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);


- «Ashyq» жобасына қатысушы объектілерде 30 адамға дейін еске алуды өткізуді қоспағанда, салтанатты, бұқаралық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар, корпоративтер және т.б.), ашық ауада және жабық жайларда ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу және қатысуға болмайды; 2) кинотеатрлардың («Ashyq» жобасына қатысушылардың) толымдылығы 30% аспауы тиіс;



«600-ден астам оқушылар оқитын мектептер – қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылсын. ЖОО-ы, арнайы орта білім беру объектілері аралас оқыту форматына ауыстырылсын. барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық сабақтар ыңғайластырылған кесте бойынша, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтеді. Мектепке дейінгі білім беру – ата-аналардың (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен оқытудың штаттық форматы болуы керек. Қосымша білім беру ұйымдарында - жеке сабақтар штаттық режимде, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектерге арналған түзету орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін штаттық режимде өткізілуі керек»,- делінген Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысында.



Қаулы Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шықты. Сонымен қатар, қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакциналау және ревакциналау жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдар, ұйымдар және кәсіпорындар персоналының (тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінен басқа) кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына көшуі тиіс.


Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. 13 қаңтарда 257 адамнан аталған індет анықталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #облыс #карантин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);