AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Алматы облысында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Әлеумет 30.05.2023, 15:30 1,190
Алматы облысында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Талғар ауданында алимент төлеуден жалтарып жүрген 26 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған


«Алимент - қарыз емес, парыз». Осы ұстанымды ұран еткен Алматы облысы Талғар ауданының жеке сот орындаушылары перзенті алдында қарызы бар жұмыссыз әкелердің екі қолға бір күрек табуына септесті. Олар бос жұмыс орындар жәрмеңкесін арнайы 1 маусым – Балалар күніне орай ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


41 жастағы Роман Сашков – Алматы облысының тұрғыны. Жұбайымен ажырасқанына 10 жыл болыпты. Кәмелетке толмаған бір қызы бар. Өзі жеке кәсіпкер. Алайда алиментті 4 жыл бойы дұрыс төлей алмай, қарызы 1 миллион 700 мың теңгеге жуықтап қалыпты. Енді екі қолға бір күрек табу үшін осы жәрмеңкеге келіп, өзіне қажет жұмысты тапқанын айтады.



– Әрбір әке баласы үшін жауапты. Сондықтан перзентінің жағдайын жасап, алиментті төлеуі қажет. Мен де бұл жауапкершіліктен қашпаймын. Сондықтан осы жәрмеңкеге келіп отырмын. Мұнда түрлі жұмыс ұсынылды. Ұнағаны – жүк көлігінің жүргізушісі. Енді тәжірибеден өтіп көремін, – деді борышкер Роман Сашков.  



Алматы облысына қарасты Талғар ауданында жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген 26 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 10-нан астам іс қылмыстық жазаға тартуға, 5 іс сотқа жолданған. Төрт азаматқа үкім шығыпты. Қалғандарына қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.



– Талғар ауданында 3 мыңнан астам алимент өндіру туралы атқарушы іс қозғалған. Ол атқарушы істердің арасында борышкерлердің қарызы 394 миллион теңгеден асады. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке сот орындаушыларымен 75 миллионнан астам қарыз өндірілді, – деді облыстық атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Әлібек Рахметов.



«Перзенті алдындағы қарызын өтеуден жалтарып жүргендер арасында 10-ға жуық көкек ана бар», - дейді жеке сот орындаушылары. Қазір олардың да ісі қаралып жатыр. Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері 32 борышкер жұмыссыздар есебінде тұр. Ал бүгін бос орындар жәрмеңкесіне келген 15 азаматтың жетеуі екі қолға бір күрек тапты. Оларға көлік жүргізуші, жүк тасушы, дәнекерлеуші, қойма қызметкері секілді және мамандығы бойынша бірқатар жұмыс ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #бос орын #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);