Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында бір күнде бес үйге ұры түскен

Алматы облысында бір күнде бес үйге ұры түскен

Әлеумет 02.12.2022, 16:00 1,374
Алматы облысында бір күнде бес үйге ұры түскен
Сурет: Ашық дереккөз

Жұрт үйдегі бала-шағасы үшін алаңдап отыр


Алматы облысының Кемертоған ауылында бір күнде 5 үйге ұры түсіп, бағалы бұйымдар мен ақшаны қолды еткен. деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Бақылаудың жоқтығынан, тәртіптің қадағаланбауынан Кемертоғанда ұры-қары көбейді деген көпшілік жағдайдың алаңдататынын айтып шағымданды. Өйткені тапа-тал түсте бір көшедегі 5 бірдей үй тоналған. Енді жұрт үйдегі бала-шағасы үшін қорқып отыр.



«Тапа-тал түсте ұры не үшін түседі? Сағат 10:00-11:00- де бәрі сабылып жұмысқа кетеді. Үйде әйелі мен бала-шаға болады. Олар үйді қорғаймын деп жүгіріп жүргенде, өлтіріп, пышақтап кетсе ше?», – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Жаңылай Әріпбаева.



Уайымға салынған қалың көпшілік ауылдағы тәртіпсіздікті учаскелік полицейлердің жетіспеушілігімен байланыстырып отыр. Тұрғындардың айтуынша, полицейлер бақылауды күшейтсе, олқылық болмас еді.



«Аптасына бір рет профилактика жүргізіп тұруы керек қой. Жүрген адамды «кімсің? қайда барасың?» деп сұрау керек тоқтатып. Кешке жақын жиналып, жігіттер өзіміз болып арасында қарап қоямыз», – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Бигелді Тәпелов.



Ал күні кеше үйі тоналып, ақшасы мен бағалы бұйымдары ұрланған ауыл тұрғыны таңнан кеше дейін жұмыста жүретінін айтады. Оның тірнектеп жиып, тығып қойған құнды заттарын түк қоймай алып кеткен.



«Полиция қызметкерлеріне телефон шалған едік, сағат 22:00-да әрең келді. Сөйтіп, криминалистер келіп, саусақ іздерін алып кетті. Келесі көшеде төрт үйге түскен. Шубасын, ақшасын алып кеткен», – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Мұрат Мыңжасаров.



Ал Қарасай ауданының құзырлы орган өкілдері бұл іске қатысты тиісті шаруа атқарылып жатқанын айтты. Олардың айтуынша, бұған дейін де ұрлыққа барған күдіктілердің қолына кісен тағылған.



«Алматы облыстық Қарасай аудандық полиция басқармасында МТФ, Жаңақұрылыс елді мекенінде ұрлық тіркелген. Осы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеп тексеру жұмысы жүргізіліп отыр. Аталған ауылдық аумақта қазір 11 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады және бір жедел уәкіл бар. Үлкен ауылды қамту үшін қызметкерлер жетіспейді», – деді Қарасай АПБ бастығының орынбасары Ертіс Тоқтаров.



«Бізде осы ауылға бөлінген 10 учаскелік полиция қызметкері бар. Бірақ біздің халық саны соңғы санақ бойынша 50-60 мыңға жетіп қалды. Оның алдында сіздер білмейсіздер ғой қандай жұмыстар жасалғанын», – деді Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақов.


Дүйім елдің тыныштығын сақтау үшін Қарасай аудандық полиция басқармасы қосымша қызметкер жұмылдырамыз деп сендірді. Ол үшін тиісті тапсырма берілгенін де тілге тиек етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұрлық #үй #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі