Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында азаптау фактісі бойынша 37 қылмыс...

Алматы облысында азаптау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды

Әлеумет 14.02.2022, 14:50 1,578
Алматы облысында азаптау фактісі бойынша 37 қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау фактісімен 37 қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап


«Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 27 істі, ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы 6 істі, прокуратура органдары 4 істі тіркеген», - деді Алматы облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысының орынбасары Дулат Мадияров.


Ведомство өкілінің айтуынша, қаңтар оқиғалары бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істерді тіркеуге негіз болып құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмысты мойындату үшiн жәбірленушілерді азаптаған деген арыздар мен шағымдар табылған.


«Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты арызбен жәбірленушілердің қорғаушылары, туыстары, ата-аналары және өздері де сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінген. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарына күнделікті талдау жасалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Дулат Мадияров.


Қазіргі таңда, істің жан-жақтылығын қамту мақсатында күнделікті қарқынды бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Атап айтқанда, барлық арызданушылар жәбірленуші ретінде танылып, олардан азаптаудың қалай және қай жерде болғандығы туралы жауап алынды, тану және беттестіру әрекеттері, олармен оқиға болған жерге барып мән-жайдың қалай болғандығы туралы тергеу әрекеттері жүргізілуде, жарақаттардың ауырлық санатын анықтау үшін тиісті медицина саласының қызметкерлерінің қатысуымен сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.


Әр жазған арыз бойынша бөлек қылмыстық істер тіркеліп, жәбірленушілердің өкілдерімен жеке-дара жұмыстар атқарылып жатыр. Әр қылмыстық іс бойынша процестік прокурорлар тағайындалды.


Барлық қылмыстық істер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігі мен прокуратура органдарының қатаң бақылауында тұр.


«Өз тарапымнан және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атынан әр іс бойынша кінәлі тұлғаларды анықтауға және жауапкершілікке тартуға бағытталған әрекеттерді жалғастыратындығымызды мәлімдеймін. Басқа ақпарат тергеудің құпиялылығын сақтау мақсатында жариялауға жатпайды», - деп толықтырды Алматы облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысының орынбасары Дулат Мадияров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #прокуратура #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика