AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орындары...

Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орындары анықталды

Әлеумет 08.06.2022, 10:31 1,197
Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орындары анықталды
Сурет: 24.kz

Қоқыс полигондарының басым бөлігі Алматыға жақын аудандарда анықталды.


Жер серігінен түсірілген суреттер арнайы бағдарламаға жүктеліп, жаңартылып отырады. Тек Талдықорған қаласы маңынан 40-тан астам осындай заңсыз полигон табылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 


 Мұны мамандар ешқайда шықпай-ақ, жер серігімен түсірілген суреттерден қарап біліп отырады. Биылдың өзінде 389 нүкте табылып, 59 лауазымды тұлғаға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


"Ғарыштық түсірілімдер ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалғасатындықтан заңсыз қоқыс орындарының саны әлі де көбеюі мүмкін. Осыған сәйкес қазіргі таңда департаментпен тиісті шаралар қабылдануда", - деді  Алматы облыстық экология департаментінің бас маманы Данияр Өмірбеков.

Талдықорғанда да жағдай мәз емес. 40 заңсыз полигон анықталды. Қоқысты арнайы орынға төгуге ерінген тұрғындар мен кәсіпорындар түнгі уақытты пайдаланып, қалдықтарды тау қылып үйіп кетеді.


Халық қоқысты төгеді. Оны жинау үшін қала әкімдігі бюджеттен қаржы бөледі. Жылда қайталанатын жағдай. Жергілікті билік қар еріп, қайта қар жауғанша осындай жабайылықпен алысып келеді.


"Биылғы жылы 15 млн теңге бөлінген. Бірақ конкурс бойынша 8,5 млн теңгеге келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда 1400 тонна қоқыс шығарылған", - деді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Рамиль Рахымбаев.

"Қала халқының жауапкершілігі оянбай мұндай жағдай жылда қайталана береді", - дейді сала мамандары. Ол үшін тиісті заңдарды да қатаңдату қажет деген пікірде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #заңсыз орындар #жер серігі #суреттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);