Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында 4 сағат ішінде жол ережесін бұзға...

Алматы облысында 4 сағат ішінде жол ережесін бұзған 30-ға жуық жүргізуші ұсталды

Әлеумет 19.07.2022, 16:53 1,090
Алматы облысында 4 сағат ішінде жол ережесін бұзған 30-ға жуық жүргізуші ұсталды
сурет: Almaty.tv

Рейд жұмыстары жүріп жатыр 


Ішкі істер министрлігі кешеден бері жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Елімізде жолдарда көліктерді тексеру күшейтілді. Ішкі істер министрлігі кешеден бері жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін тексеріс Алматы-Ұзынағаш және Алматы-Бішкек тасжолдарында жүргізілді. Небәрі 4 сағаттың ішінде 30-ға жуық хаттама толтырылып, ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынды.
Тасжолдағы таңғы тексеріс жол көлік кептелісін тудырған жүргізушілерге хаттама толтырудан басталды. Ережені ескермегендер енді 22 мың теңге айыппұл төлейді. Ал жолдың қарама-қарсы бағытымен келіп, жол көлік оқиғасын тудырғандар тіпті жүргізуші куәлігінен айырылды.



«Жолдың шетімен қарсы бағытқа жолға шығып, жол ережесін бұзып жатқан жүргізушілермен алдын алу жұмысын жүргізіп жатырмыз», – деді облыстық Полиция департаменті патруль полициясы батальонының аға инспекторы Болат Төреқұлов.



Асыққандардың алды 43 мыңнан бастап 7 мыңға дейін айыппұл арқалады. Ал көлігі бұзылып, жанармайы таусылған жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал  заңды өрескел бұзғандар жауаптан жалтара алмады.



«Қазір екі айыппұл жазып берді. Бәрін төлей беретін болсақ, не боламыз сонда? Алдымен жолды жасасын. 1 сағаттан артық кептелісте тұрмыз», – деді  жүргізуші Берікбай Сәрсенбаев.



Кептелістің кесірінен кейде артық-кем жүріп қоямыз дегендер жол қозғалысының  қиындағанына осы маңдағы салынып жатқан айналма жол себеп деп отыр.



«Күнде таңнан кешке дейін, кептеліс. Жалғыз мен емес, қаншама адам жүреді бұл жолмен», – деді жүргізуші Еркін Азамат.



Жұмысымызды бірі түсінсе, енді бірі жекіп кетеді деген полиция қызметкерлері жалпақ жұрттың жұмысқа қалаға қатынайтынын түсінеміз дейді. Сол себепті де жолдағы кептелісті ескеріп, ерте шығуын сұрайды.



«Алматы-Бішкек тасжолында тұрмыз. 19 шақырыманан 21 шақырымға дейін кептеліс. Кептелістің бірден-бір себебі қазір көпір салынып жатыр», – деді облыстық Патруль полициясы батальонының аға лейтенанты Эдуард Абултаев.



Ал Райымбек ауылдық округі маңындағы айналма жолдың құрылысы 2 мамырдан бастап жүріп жатыр. Алматы-Бішкек тасжолындағы көпір құрылысы да аяқталуға жақын.



«25 тамызда біз бұл жолды қайта ашамыз. Құжат бойынша келісімшарт 2024 жылға дейін жасалған. Бірақ жолды осы жылы толық салып беруге тырысамыз. Оның үзындығы 66 шақырым болса, 33 шақырымына асфальт төсеп қойдық», – деді «Бакад» жобасының бас архитекторы Гюнай Гокалп.



Мердігер мекеме уәдесінде тұрып тас жолдың барлық жолақтары уақытылы ашылса, қалаға қатынайтын көліктердің қозғалысы біршама жеңілдей түсетін еді. Ал әзірге қозғалыс қиындаған аймақтарды Жол Патрульдік көліктері бақылауда ұстайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рейд #жол #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика