AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысы кене энцефалиті бойынша эндемиялық а...

Алматы облысы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақта орналасқан

Әлеумет 18.05.2022, 04:30 1,629
Алматы облысы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақта орналасқан
Сурет: Baq.kz

Алматы облысында 1486 адамды кене шаққан.


Оның жартысынан астамы, яғни, 58%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алматы облысы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақта орналасқан. Маусым басталғаннан бері аудандар мен қалалардың медициналық ұйымдарына 1486 адам жүгінген, оның 58%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кене шағумен 1025 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 64%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл кене шағу санының 31%-ға артқанын көрсетеді. Биылдың сәуір айынан бастап орман және қалалық саябақтар мен скверлер аумағында кенеге қарсы у себу жұмыстары жүргізілді. Бірінші тур 968 га аумақты қамтыды, бұл 11 аудан және 2 қала»,- делінген Алматы облыстық санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.



Атап айтқанда, Ақсу ауданында 18 га, Алакөл ауданында -51 га, Еңбекшіқазақ ауданында - 235,5 га, Ескелді ауданында - 55 га, Қарасай ауданында - 100 га, Кербұлақ ауданында - 40 га, Райымбек ауданында – 24 га, Сарқан ауданында – 38 га, Талғар ауданында – 263,5 га, Ұйғыр ауданында-55 га, Кеген ауданында-60 га жер өңделді., Талдықорған қаласында – 13 га, Текелі қаласында 15 гектар жер кенеге қарсы өңделген.



«Айта кету керек, кенеге қарсы өңдеудің екінші кезеңі маусымның бірінші жартысында жоспарланған. Бұл Алматы облысындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты. Іс-шаралар басталар алдында міндетті түрде ақпараттық белгілер қойылады, азаматтарға кенеге қарсы өңдеуден кейін 3 тәулік ішінде саябақтарға, скверлерге және табиғи ошақтарға назар аудару және бармау қажет. Кене энцефалитінің алдын алудың негізгі шарасы вакцинация екенін атап өткен жөн. Алматы облысында егуді дәрігердің кеңесінен кейін тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардан тегін алуға болады»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#кене #энцефалит #эндемиялық аймақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Бүгін 10:38

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін 09:39

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Кеше 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Кеше 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);