AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысы Әулиекөлге 105 тонна көмек жөнелтті

Алматы облысы Әулиекөлге 105 тонна көмек жөнелтті

Әлеумет 07.09.2022, 02:20 1,286 Almaty-akshamy
Алматы облысы Әулиекөлге 105 тонна көмек жөнелтті
Сурет: Aikyn.kz

Қайырымдылық керуені аттанды


Отқа оранған Торғай өңіріндегі  ауылдардың жұртшылығына мемлекет тарапынан тиісті көмектер істеліп жатыр. Алдағы кездері де қолдаудан кенде болмайтынын Президенттің өзі айтты. Сонымен бірге қашанда қайырымдылығымен ерекшеленетін қалың ел де өрттен зардап шеккен отандастары үшін қолдан келген жәрдемнің барлығын жасауға білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Айқын газетіне сілтеме жасап.


Ел басына күн туғанда Алматы облысы да сырт қалмады. Алғашқылардың бірі боп, Әулиекөл ауданының тұрғындарына бірінші кезекте қажетті болып саналатын азық-түлік, тазалық заттары мен құрылыс материалдары және тағы басқа да керекті заттарды жөнелтті.


Бүгін Алматы облысынан жасақталған қайырымдылық керуені жалпы салмағы 105 тоннадан астам азық-түлік пен тағы да басқа дүниелерді тиеп алып, Қостанай облысына аттанды.  Алматы облысының тұрғындары осылайша халық басына түскен ортақ ауыртпалықты барынша жеңілдетуге өз үлестерін қосуда.


Қонаев қаласындағы фронт кеңсенің басшысы Ерасыл Толымбекұлының айтуынша, Алматы облысының әкімдігі Қостанай облысының  тиісті мекемелерімен алапат өрттің бірінші күнінен бастап тұрақты байланыс орнатып, елге үндеу тастап қайырымдылық көмек жинаған.


«Қостанай облысында болған апатты жағдайды бүкіл елге келген  сынақ ретінде қабылдадық. Осындай қиын-қыстау сәтте қазақстандықтардың ауызбіршілік көрсетіп жатқаны қуантады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та апатты аймаққа арнайы барып, өрттен зардап шеккендердің отбасыларымен жеке-жеке кездесіп, бірде-бір отбасының жәрдемсіз қалмайтынын,  Үкімет тарапынан барлық қажетті көмектер болатынын айтты.


Әулиекөл ауданындағы өрттен  зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі жалпыхалықтық акцияға үн қосқан Алматы облысы бірінші қайырымдылық керуенімен 9 мың дана балаларға арналған жаялық, 10 тонна  құрылыс материалдары, 10 тонна  күнбағыс майы, 10 тонна  тауық еті, 3 тонна кеспе, 7 тонна пияз, 5 тоннадан алма мен күріш және тағы басқа да төтенше жағдайда шұғыл қажет болатын заттарды жөнелтті. Бірқатар мемлекеттік органдардағы қызметкерлер өз еріктерімен біркүндік жалақыларын қайырымдылық  көмекке аударды. Жүк тиелген көліктермен бірге 10 ерікті торғайлықтарға көмектесуге кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Қайырымдылық керуені #Қостанай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);