AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мұғалімдері «Бабалар аманатында» бақ сынады

Алматы мұғалімдері «Бабалар аманатында» бақ сынады

Әлеумет 08.01.2025, 10:58 594
Алматы мұғалімдері «Бабалар аманатында» бақ сынады
Білім басқармасы

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өңірлік кәсіби «Бабалар аманаты» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – атаулы күндерді және мерейтой иелерінің мұраларын насихаттау, тарихқа құрметпен қарап, бабалар тағылымын дәріптеу. Аталмыш байқаудың тақырыптары да ерекше болды. Мәселен, Махмұд Қашқаридің 995 жылдығына арналған сайыс «Шешендік өнер» деп аталса, Қасым ханның 580 жылдығын қамтыған айтыс номинациясына «Айтсын деп ақиқатты тіл берілген» деп айдар тағылды. Байқаудың Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығын арқау еткен әдеби бөлімі «Бір шығарма ізімен» деп аталса, Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығын қаузаған номинация «Өмір – өнер, өнер – өлшем...» деген айдармен өрілді. Ал «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» сайысы Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына бағышталды. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тарихымызға қатысты атаулы даталар мен белгілі тұлғаларымыздың мерейтойларын жоғары деңгейде атап өту ұлттық бірегейлікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін үнемі айтып келеді. Иә, соңына қалдырған ізі ешқашан жоғалмайтын, аты да мәңгілік болып қалуға тиіс тарихи тұлғалар ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын арқауы болатыны сөзсіз. Мың сан шәкіртке білім беріп жүрген мұғалімдер арасында өткізген «Бабалар аманаты» байқауымыз ойдағыдай өтті. Ұстаздар да өздерін басқа қырынан көрсетті. Бұл байқауды алдағы уақытта Оқу-ағарту министрлігінің тізбесіне енгізуді көздеп отырмыз, – дейді сайысты ұйымдастырушы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қазақ тілі пәнінің әдіскері Қаламқас Шакретова. 

Байқау жеңімпаздары «ALATAU» оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында марапатталды. Әріптестерін жарқын жеңістерімен құттықтаған Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры  Дәурен Сағынғалиев биік белестер тілеп, Алматы қаласы Білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарын ұсынып, естелік статуэткамен қуантты.

Байқауға Алматы қаласының 8 ауданынан 38 мұғалім, іргеміздегі Алматы облысынан 4 ұстаз қатысты. Сонымен, «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» номинациясының 1-орнын №201 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меруерт Үсенқызы,  «Айтсын деп ақиқатты тіл берілген» ақындар айтысының 1-орнын №140 гимназияның мұғалімі Алтынбек Ибрагимов пен №8 орта мектептің (Алматы облысынан) ұстазы Назгүл Кәрімова иеленді. «Бір шығарма ізімен» әдеби сайысының бірінші жүлдесі №109 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ақбөпе Жамаубайқызына, «Шешендік өнер» №82 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Айдана Панға бұйырды. Ал «Өмір – өнер, өнер – өлшем...» номинациясының 1-орнын №198 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қарлығаш Атайбекова иеленіп, мерейі үстем болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #Ұстаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика