Алматы метросы батысқа кеңейді: "Бауыржан Момышұлы" – "Қалқаман" туннельдері мерзімінен бұрын аяқталды

  • 15:41, 13 ақпан 2026
Алматы метросы батысқа кеңейді: "Бауыржан Момышұлы" – "Қалқаман" туннельдері мерзімінен бұрын аяқталды Самат Құсайынов

Алматы метрополитенінің батыс бағыттағы құрылысы қарқын алды. "Б.Момышұлы" станциясынан "Қалқаман" станциясына дейінгі туннельді бұрғылау жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Екі станция арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын туннельде түйістіру жұмыстары толық орындалды.

Жобадағы бас мердігер – BCN Group ("Bazis Construction") компаниясының бұрғылау бригадасы соңғы метрді еңсеріп, туннельдердің арасын жалғады. "Айман" атты механикаландырылған қалқан соңғы топырақ қабатын бұзып, арнайы демонтаж камерасына кірді. Қазір жолдың үстіңгі құрылымын төсеу жұмыстары қатар жүргізілуде.

Сол жақ туннель де мерзімінен бұрын тапсырылған. Онда рельстер, байланыс желілері, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйелері толық орнатылған.

Бас мердігер өкілі Мұрат Үкшебаевтың айтуынша, мамандар тәулігіне 4–5 метрге дейін ілгерілеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Кей учаскелерде диаметрі 2–3 метр болатын ірі тастар жұмыс барысын қиындатқан.

"Бүгін біздің үшін тарихи күн – біз тоннельдерді біріктірдік. Енді барлық тоннельдік жұмыстар толық аяқталды деп сенімді түрде айтуға болады. Жалпы ұзындығы – 3,5 шақырымға жуық. Сол жақ айдау туннелінде біз жолдың жоғарғы құрылымын төсеуді 100% аяқтадық. Алдағы уақытта қалқанды жер бетіне шығарып, тоннельдің ішкі қаптамасын толықтырамыз және жол үстіңгі құрылысының уклауын бастаймыз. Қазір шамамен 1 шақырым жол қалды, оны рельстермен жабу қажет. Дайын бөлікте шамамен 500 метр рельс орнаттық, ал жаңа өткен учаскеде – тағы 1 шақырым. Мамыр айына дейін жол үстіңгі құрылысының толық монтажы және тұрақты электрмен жабдықтау кабельдерінің орнатылуы  жоспарлануда. Ал маусым айына қарай барлық құрылыс-монтаж жұмыстары бітеді, содан кейін іске қосу ,жөндеу жұмыстары басталады. Бұл – өте жауапты және қатаң регламентке сай процесс. Алдын ала есепке сәйкес күн сайын жолаушылар саны 180 000 адамға көбейетін болады. Қала тұрғындары үшін бұл өте маңызды оқиға", - деді ол.

Қазір "Қалқаман" станциясының ғимараты толық салынып бітті. Құрылысқа 32,8 мың текше метр бетон жұмсалған. Қазір әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын, инженерлік желілер де тартылған. Станцияда төрт кіреберіс қарастырылған, автоматты есіктер, төлем жүйелері, эскалаторлар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифтілер орнатылады.

Ал метро саласында 35 жыл тәжірибесі бар, тоннель жұмыстары бригадирі Сабит Болатұлы бригада тәулік бойы жұмыс істегенін айтты. 

"Біздің бригаданың күш-жігерімен бүгін біз оң жақ перегонды тоннельді біріктіріп, жұмысты аяқтадық. Мамыр айында кірістік, ақпан айында тоннельді толық өтіп шықтық. Бригадалар тәулік бойы, 24 сағат жұмыс істеді. Бригаданың құрамында 50 адам болды. Жұмысты Калкаман стансасынан Ясауи көшесіне қарай жүргіздік. "Айман" атты техникамен сол жақ тоннельді өтіп, оң жақ тоннельге жеттік – 1,5 шақырым жол жүрдік. Үлкен тастар кездесті, оларды арнайы құралдармен бұздық. Барлық команда мүшелерінің үйлесімді жұмысы арқасында осы учаскеден сәтті өттік. Бұл – біздің бірінші жұмысымыз емес. Осы бөлімді аяқтағаннан кейін Алтын-Орда және Барлыққа қарай жұмысымызды жалғастыруға дайынбыз. Барлық ресурстар мен мамандарымыз толық дайын", - дейді ол. 

Орталық диспетчерлік пункт барлық қауіпсіздік және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін басқарады. Сонымен қатар, сейсмикалық белсенді аймақ болғандықтан, 120 датчик орнатылып, темірбетон конструкциялардың жағдайы онлайн режимде бақыланады.

Құрылыс-жөндеу жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында аяқталып, станция іске қосу-реттеу жұмыстарына беріледі.

Компания алдағы уақытта "Қалқаманнан" "Барлық" станциясына дейінгі жаңа желіні де қысқа мерзімде салуға дайын екенін мәлімдеді. Жоба аясында үш жаңа станция мен жалпы ұзындығы 4,2 шақырым тоннель құрылысы қарастырылған. Жалпы желі ұзындығы станциялармен қоса есептегенде 5,274 шақырым болады.

Құрылыс қарқыны шаһар басшысы жүктеген міндеттерге сай жүргізіліп отыр. Осылайша, Алматы метросының батыс бағыттағы кеңеюі қала инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың көлік қолжетімділігін арттыруға серпін бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:47

16:35

16:18

16:00

15:41

15:28

15:06

14:46

14:35

14:23

14:21

14:14

14:01

12:38

12:37

12:29

12:11

12:01

11:46

11:35

11:21

11:14

11:01

10:41

10:26