Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мен 13 өңірде ескерту жарияланды

Алматы мен 13 өңірде ескерту жарияланды

Әлеумет 21.08.2023, 02:49 1,003
Алматы мен 13 өңірде ескерту жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

 «Қазгидромет» РМК күн райының қолайсыздығына байланысты 21 тамызға бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.


Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай болжанады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.


Астана қаласында түнде найзағай күтіледі.


Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауып, түнде және таңертең батыс аумақты тұман басады. Желдің екпіні найзағай кезінде 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.


Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі сақталады.


Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.


Күндіз Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай болжанады. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында бұршақ жауып, түнде және таңертең шығысында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Өрт шығу қаупі жоғары.


Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38 градус қатты ыстық болады. Өрт тұтану қаупі аса жоғары.


Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды. Өрт тұтану қаупі сақталады.


Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт тұтану қаупі жоғары.


Күндіз Ұлытау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт шығу қаупі жоғары.


Таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #синоптик #қолайсыздық #ыстық #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика