ffin.kz

Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігін тапсыру мерзімдерін еске салды

Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігін тапсыру мерзімдерін еске салды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматылықтардан салық есептілігін алдын ала тапсыруды сұрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейтова мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Салық есептілігін электрондық нысанда ұсынған жағдайда мерзімін ұзартуға болады. Ол үшін тіркеу орны бойынша қағаз немесе электрондық түрде мемлекеттік кірістер органына хабарлама жіберу қажет.

"2024 жылдың 15 тамызында 2024 жылдың 2 тоқсаны мен бірінші жартыжылдығына салық есептілігін тапсыру мерзімі келеді", – деді Бақтыгүл Сейтова.

 Салық төлеушілер келесі салық есептілігін ұсынуы керек:
•    2024 жылғы 2-тоқсанға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша 200,00 нысанды декларация;

•    2024 жылдың 2-тоқсаны үшін 300,00 ҚҚС декларациясы нысаны; 
400.00-нысан – акциздік декларация негізінде 2024 жылғы маусымға 421.00-нысан бойынша құрылымдық бөлімшелер бойынша төлем 
 •    870.00 нысаны – 2024 жылғы 2-тоқсандағы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем туралы декларация; 910.00 нысаны – 2024 жылдың 1 жартыжылдығына оңайлатылған декларация.
- 910.00 нысаны-2024 жылдың 1 жартыжылдығына арналған оңайлатылған декларация.
 

Салық есептілігін салық төлеушілер тапсырады:
•    заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша заңды тұлғалар;
•    жеке кәсіпкерлер, жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін көрсете отырып, орналасқан жері бойынша.

 ӨКҚ спикері Салық кодексінің 212-бабына сәйкес салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, электрондық нысанда табыс етілген жағдайда салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы екенін еске салды.

Салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту үшін тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы салықтық есептілікті ұсыну үшін Салық кодексінің белгіленген мерзім өткенге дейін хабарлама қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберу қажет.
Хабарламаны электронды түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» web-қосымшасы, «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы жіберуге болады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі:
- корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;
- салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын;
- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

"Тиісінше, тамыз айында ұсынылуы қажет 101.01 және 328.00 нысандары бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылмайды", - деп түсіндірді Бақтыгүл Сейтова.

Арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге қатысты ұзартылмайды.
Тиісінше, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі бар, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын дара кәсіпкерлерге салықтық есептілікті тапсыру мерзімі ұзартылмайды. 
Мысалы, «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» 200.00-нысан бойынша 2021 жылғы 4-тоқсанға салықтық есептілігін табыс ету мерзімі 15 .08.2024 ж. аяқталады.
Бұл мысалда, егер тәуекелдер деңгейі:
-    орташа болса – салық төлеушілердің барлық санаттары үшін;
-    жоғары болса – арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге 200.00-нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімі белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Бұл ретте, егер тәуекел дәрежесі төмен болса, онда декларацияны ұсыну мерзімін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартуға болады.

Сондай-ақ екінші мысал, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін 910.00 нысандағы оңайлатылған декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылдың 15 тамызында аяқталады. Декларацияны тапсыру мерзімі 200.00-нысандағы салық есептілігіндей ұзартылады. 

"Мемлекеттік кірістер органының коды дұрыс көрсетілмеген жағдайда, бұрын ұсынылған салық есептілігіне өзгерістер немесе толықтырулар енгізілетін өзгерту әдісімен салық есептілігін кері қайтарып алу қажет", – деп қорытындылады Бақтыгүл Сейтова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52