AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы мектептерінің бірінде Face ID жүйесі қолға...

Алматы мектептерінің бірінде Face ID жүйесі қолға алынды

Әлеумет 20.02.2023, 11:16 1,588
Алматы мектептерінің бірінде Face ID жүйесі қолға алынды
Сурет: 24.kz

Петропавлдағы оқиғадан кейін мектептердегі қауіпсіздік мәселесі ерекше назарға алына бастады.


Алматы білім ошақтарындағы бейнебақылау, тәулік бойғы күзет, турникет секілді қауіпсіздік жүйелері енді заманауи технологиямен толықтырылды. Дәлірек айтқанда смартфондарда кеңінен танымал Face ID жүйесі мектептерде де пайдаланыла бастады. №34 гимназияның мұғалімдері турникетте орнатылған камераға тіке қарағанда ғана мектепке кіре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Смартфонда кеңінен танымал Face ID қауіпсіздік жүйесі бұл білім беру мекемесіне қыркүйекте орнатылған. Әзірге бағдарлама қызметкерлерді ғана таниды.


Егер ата-аналар рұқсат берсе, оқушылардың да бет-әлпетін енгізу жоспарда бар. Сол арқылы балалардың мектепке кірген және шыққан уақыты әке-шешелеріне смс арқылы хабарланады. Әзірге оқушылар арнайы карта арқылы кіріп шығады екен. Гимназияның кіре берісіндегі 4 турникетке 4 Face ID камерасы мен магнитті картаны оқитын жүйе орналастырылған. Барлық ақпарат орталық компьютерге жүктеліп отырады.



«Біздің мектепте 2154 бала оқиды, 180 адам жұмыс істейді. Орталық кіре берістегі «Скуд» жүйесі үш жерде орналасқан 6 турникетпен жабдықталған. Әрбір турникеттен кірген оқушылардың картасы арқылы келген және кеткен уақыты жазылып отырады», - дейді №34 гимназияның директоры Рустам Джаханов.



Білім беру мекемесінің мәліметінше, Face ID жүйесі ең жоғары қауіпсіздік санатына жатады. Оған қосымша, мектеп айналасындағы 121 бейнебақылау камерасының 21-і полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.



«Гимназияның кешенді қауіпсіздік жүйесі арнайы күзет қызметімен қамтамасыз етілген. Мектеп аумағында үш күзет пункті бар, екеуі ғимараттың ішінде. Олар әр екі сағат сайын мектептің ішін және аумақты аралап тексеріп отырады», - дейді №34 гимназияның директоры Рустам Джаханов.



Мектептердегі қауіпсіздік басты назарда. Қазіргі уақытқа дейін қала бойынша 41 мектепке Face ID жүйесі орнатылған. 98 мектепте карта арқылы ашылатын турникет бар. Оған қоса 214 мектепке дабыл батырмасы жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Face ID #қауіпсіздік #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика