AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқта...

Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды

Алматы Бүгін 09:43 39 yakiya
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы әкімдігі

Алматыда оқу жылының қорытындысы бойынша негізгі мектепті (9-сыныпты) 30 380 оқушы сәтті аяқтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олар үшін бұл белес алғашқы күрделі жеңіс болды. Жылдар бойы ерекше ынта-жігер танытқан түлектер бөлек құрметке лайық: Алматының 2 168 мектеп оқушысы 9-сыныпты үздік бітіргені туралы аттестат алды.

11-сынып түлектері үшін мектеп өмірінің соңғы аккорды соғылды. Биыл Алматыда орта мектепті 20 803 түлек бітірді. Қаланың білім беру жүйесінің мақтанышына айналған «Алтын белгі» иегерлерінің саны да көңіл қуантады - биыл барлық пәндер бойынша үздік білімдерін дәлелдеген 790 түлек мектептің ең жоғары марапатына ие болды.

Бұдан бөлек, жалпы орта білім беру курсын (11-сыныпты) үздік аяқтаған 2 083 түлекке ерекше үлгідегі аттестат табысталды, бұл олардың жоғары академиялық мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.

Соңғы жылдары Алматы қаласында аттестат тапсыру салтанатын күндізгі уақытқа өткізу дәстүрге айналып келе жатыр. Түліктердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп, өскелең мәдениетті сақтауға бағытталған бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты.  Салтанатты жиындарға әрбір мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, Білім басқармасының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Әуезов ауданындағы №202 мектеп-гимназия түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты Оқушылардың Инновациялық орталығында салтанатты табысталды. Әрине, мектеп бітіруші түлектер үшін аттестат тапсыру – өмірдегі ең маңызды әрі есте қаларлық сәттердің бірі. Мектеп бітіруші түлектерді мектеп-гимназия директоры Болат Жанайханұлы, түлектердің ата-аналары атынан Айгүл Нурғазықызы, «Алтын белгі» иегерілері Аружан Мирасқызы, Аслан Мақсатұлы, Шұғыла Жұмабекқызы, Байжан Жания, Айсәуле Асқарқызы, Әмина Ғабитқызының тебіреніске толы тілектері де көпшілікті бей-жай қалдырмады.

Ғасырдан астам тарихы бар айтулы білім ошағы №12 мектепте өткен аттестат тапсыру салтанатты жиыны өзгеше мәнде өткізілді. Мектеп директоры Айымгүл Дәуірбекова түлектерді құттықтап, олардың алдағы өмір жолына сәттілік тіледі:

– Биыл біздің мектепті 141 түлек бітірсе, олардың 11-і «Алтын белгі» иегері атанды. Енді сіздер алған білімдеріңіздің арқасында таңдаған оқу орнының студенті атанып, қалаған мамандық иесі болыңыздар. Қазақ білімінің шамшырағы аңызға айналған алтын ұяның даңқы дәуірлей берсін, – деді мектеп басшысы.

Жиында оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан оқушылардың есімдері ерекше аталды. Түлектер өз кезегінде білім нәрімен сусындатып, өмірлік бағыт-бағдар берген ұстаздарына алғыстарын білдірді. Ата-аналар да балаларының жетістіктеріне қуанып, мектеп ұжымына ризашылықтарын жеткізді.

Енді түлектердің алдында үлкен мақсаттар мен жаңа белестер тұр. Олар алған білімдерін ел игілігі үшін жұмсап, Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлестерін қосары сөзсіз. Осынау қимастыққа толы сәтте ортаға шыққан 11-сыныпты бітіруші түлектер өздері түлеп ұшқан алтын ұяға деген іңкәр сезімдерін ерекше тебіреніспен жеткізді. Алматы мектептеріне тән қалыптасқан дәстүр – түлектер қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, «Мектепке кітап сыйла», «Мектепке сый» атты ағаш, гүл отырғызу акциялары мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен арнаулы емдеу мекемелеріне қолдау көрсетуді жалғастырды.

Алматы қаласының Білім басқармасы барлық түлектерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтайды!

Әрбір түлектер легі — шәкірттеріне жүрек жылуын сыйлаған мұғалімдер мен оларды әрқашан қолдап отырған ата-аналардың бірлескен ауқымды еңбегінің нәтижесі. Барлық бітірушілерге болашақ мамандықты таңдауда дұрыс қадам жасап, жоғары оқу орындарына сәтті түсулеріне тілектеспіз. Ақ жол!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аттестат табыстау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді перспективасына баса назар аударылды

Бүгін 10:08

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз білімге негізделген экономика құрғымыз келеді»

Бүгін 10:05

Еуропа нарығына тасымалданған шикі мұнайдың 13 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі

Бүгін 10:04

Алатау «ақылды қала» жобасы криптоиндустрияның, инновацияның және жоғары технологиялық бизнестің өркендеуіне жол ашады

Бүгін 10:01

Брюссель сапарында сомасы 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылады

Бүгін 09:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);