Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT хал...

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Алматы 01.04.2026, 18:02 142
Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді
Алматы әкімдігі

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 14 сәуірде Мәскеуде Michelin мен The World’s 50 Best Restaurants сыйлықтарымен деңгейлес саналатын WHERETOEAT INTERNATIONAL 2026 халықаралық мейрамхана сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сыйлық Ресей, Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Грузия және Өзбекстан елдерінің мейрамханаларын бір арнаға тоғыстырады.

Іріктеу нәтижесінде Қазақстан атынан бес мекеме қысқа тізімге енсе, соның төртеуі Алматы шаһарынан: AYUL, La Barca Fish&Wine, «Огонек», Rifugio del Monte.

Кәсіби номинациялар қатарында да алматылық мамандардың есімі аталады:

Руслан Закиров (ABR GROUP) – «Жылдың үздік шеф-аспазы»;

Алена Арсеева (Lavka by Proshenkov) – «Жылдың үздік шеф-кондитері»;

Роман Щербаков (Villa dei Fiori) – «Жылдың үздік сомельесі».

Сондай-ақ, «Жылдың үздік бары» аталымында Gruppo 63 бары да бар.

Жылдың үздік мейрамханасы мен басқа да жеңімпаздар 14 сәуірде жарияланады.

Алматы мейрамханалары мен мамандарының халықаралық деңгейдегі сыйлыққа енуі қаланың гастрономиялық мәдениетінің өркендеп, әлемдік кәсіби кеңістікпен тығыз байланыс орнатқанын айғақтайды.

Алматы – елдегі ең ірі туристік орталықтардың бірі. Былтыр 9 айда қалаға 1,87 миллион адам келген, бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артық. Оның ішінде 563 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар.

Гастрономия – қаланың туристік тартымдылығын арттыратын маңызды факторлардың бірі. Туристер жұмсайтын қаражаттың шамамен 27 пайызы тамақтану мен мейрамханаларға тиесілі.

Сонымен қатар, Алматыда 140-тан астам мекемені қамтитын ресми гастрономиялық гид әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Бұл мейрамхана индустриясының қарқынды дамуы мен аспаздық бағыттардың сан алуандығын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мейрамхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика