ffin.kz

Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады

Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

VIII сайланған Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы барысында депутаттар қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады.

Бүгінде Алматыда 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Күн сайын желіде шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді. Қоғамдық көліктермен жол жүретін жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.

Мәслихат депутаттарының алдында сөз сөйлеген қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілгеніне қарамастан, жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсімдер автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығындарын өтемейтінін атап өтті.

«Жыл сайын автобустарға, қосалқы бөлшектерге және өзге де шұғыл шығыстарға бағаның өсуі тіркелуде. Қосалқы бөлшектерді уақтылы сатып алу мүмкін  емес, ал бұл жолаушылар тасымалының сапасына теріс әсер етуде. Соның салдарынан қала тұрғындары  әділ шағымдар жасайды. Әкімдік пен жеке тасымалдаушылар жылжымалы құрамды үнемі жаңартып отыру және жұмыс істеп тұрған автопаркті сапалы күтіп ұстау үшін орасан зор қаражат бөлуге мәжбүр», - деді Сағындық Телібаев.

Ол Мемлекет басшысының қоғамдық көлікті экологияландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Алматы әкімдігі 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алғанын, ағымдағы жылы қосымша 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 2023 жылы 550 автобус сатып алды, Ағымдағы жылы 400-ге жуық жаңа автобус пен 15 электробус сатып алуды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте автобустардың орташа жасы 3 жылды құрайды.

«Бүгінде Алматыда 178 тұрақты қалалық және қала маңындағы бағыттар ұйымдастырылған, ағымдағы жылы 70-ке жуық елді мекенді қамти отырып, қосымша 20 жаңа қала маңындағы бағыттар ашу жоспарлануда. Тасымалдаушылардың нақты шығыстары 310 теңгеден асады, кейбір бағыттарды 400 теңгеден асады, осыған байланысты әкімдік әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялауды жүргізеді. Мәселен, 2017-2023 жылдар аралығында тасымалдаушыларға 217,6 млрд теңге субсидия төленді. 2024 жылы субсидиялардың болжамды сомасы 97,3 млрд. теңгені құрайды. Қабылданған шаралар 2024 жылы субсидиялар сомасын 7 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай - ақ қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге оң әсер етеді», - деп қорытындылады басқарма басшысы.

Атап өтерлік жайт, мәслихатпен келісу рәсімінен кейін тариф қала әкімдігінің қаулысымен бекітілетінін атап өту қажет. Мерзімдері туралы қосымша хабарланатын болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32