AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы Мәслихаты 2024 жылға арналған нақтыланған ж...

Алматы Мәслихаты 2024 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджет жобасын қолдады

Экономика 29.03.2024, 11:04 1,617
Алматы Мәслихаты 2024 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджет жобасын қолдады
Сурет:Алматы әкімдігі

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес бюджетке енгізілген өзгерістер қаланың әлеуметтік басымдықтарын іске асыруға бағытталған.


Бүгін Алматы қаласы Мәслихатының жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі XV сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мегаполис басшысының бастамасымен бюджеттің қазіргі шығындары, атап айтқанда фестивальдар, форумдар мен түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге арналған шығындар қысқартылды. Қосымша бөлінетін қаражаттың 60%-дан астамы дамуға – әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталады.


Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков атап өткендей, жалпы бюджетті нақтылау бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу және 2023 жылы бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау есебінен жүргізіледі.


«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 37 100 оқушыға арналған 22 мектеп салу жұмыстары жалғасып отыр. Жергілікті бюджеттен қаладағы 13 мектептің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (жылу- сумен жабдықтау, электр қуаты) және талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға қаражат бөлінеді.


2024 жылы Шұғыла шағын ауданында туберкулездің белсенді емес түрі бар балаларды оқытуға арналған санаторий үлгісіндегі жатақханасы бар 340 орындық жаңа мектеп, сондай-ақ Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің құрылысы басталады. Бұған қоса, №58, 73, 83 мектептер мен республикалық физика-математика мектебінің ғимараттарын қайта жаңарту жоспарланған.


Биыл құрылыс жұмыстары Алатау ауданының «Рахат-Мәдениет» шағын ауданындағы электрмен жабдықтау желілерін салуға қатысты болады. Осылайша, 2024 жылдың соңына дейін Алатау ауданының 10 мың тұрғыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі.


Биыл 3 көлік-ауыстырып міну торабының құрылысы басталады: Райымбек даңғылы, «№ 7 қалалық аурухана» аялдамасы, Бөкейханов көшесі, 508, «Сәлем» автовокзалы, Пушкин көшесі және Райымбек даңғылы, «Саяхат» аялдамасы), бұл облыстан келген тұрғындарға көлігін арнайы тұраққа қалдыруға және қоғамдық көлікті пайдалануға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, 30 км тротуарларды, 5 км веложолдарды (веложолақтарды), 40 аялдама қалтасы мен алаңды орташа және ағымдағы жөндеу жоспарланған.


Скверлерді, саябақ аймақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жоспарланған. Алмалы ауданында Панфилов көшесінің (Қабанбай батырдан Жібек жолына дейін) жаяу жүргіншілер аймағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Медеу ауданында 4 сквер мен бульварға, оның ішінде «Энергетиктер», «Думан-2» скверлері ағымдағы жөндеуден өтеді.


«Терренкур» саябақ аймағы көлінің айналасындағы аумақты ауқымды қайта құру жоспарланған. Жұмыс біткен соң мұнда тоған бойында серуендеу жолы бар кең демалыс аймағы, екі деңгейлі балалар эко алаңы, воркаут аймағы, спорт және йога алаңдары болады. Сондай-ақ, жобада ашық аспан астында амфитеатр орнату қарастырылған. Саябақ аймағы мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін тартылыс орталығына айналады.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #сессия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);