Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы маңындағы мореналық және мұздық көлге тексе...

Алматы маңындағы мореналық және мұздық көлге тексеріс жасалды

Әлеумет 14.07.2022, 15:27 1,154
Алматы маңындағы мореналық және мұздық көлге тексеріс жасалды
сурет: Almaty.tv

Сел қаупі бар кезеңде 19 бекет те жұмыс істейді


Алматы маңындағы қауіп төндіруі мүмкін деген 12 мореналық және мұздық көлге тексеріс жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Жоспарға сәйкес оның жетеуінде биыл су деңгейін тексеру, артық суды азайту жұмыстары жүргізілетін болады. Су деңгейін тексеру жұмыстары биыл әдеттегіден бір айға кеш басталды. ТЖД хабарлауынша, оған таулы аймақтағы ауа температурасының төмен болуы себеп. Енді бүгіннен бастап қыркүйектің ортасына дейін төтеншеліктер мен арнайы мамандар бірігіп мұзды көлдерді бақылауда ұстамақ.
Тікұшақ теңіз деңгейінен 3600 метр биік жатқан көл маңына қонды. Әуе көлігінен түсе салғанда трансформаторға ұқсайтын дүңгіршектер көзге түседі. Мамандардың айтуынша, бұл - сел қауіпсіздігін автоматты түрде бақылайтын құрылғы.  



«Бұл аппарат таудағы көлдердің деңгейін, су температурасын, мұздықтардан еріп келген су шығынын, Алматыдағы диспетчерлік пунктке, "Қазселденқорғау" мекемесі және ТЖМ-ға цифрлық түрде ақпарат беріп отырады», – деді «Қазселденқорғау» ММ қалалық басқармасының басшысы Самат Дәуленханов.



Тау бөктерінде 31 станса бар. Бірақ соған қарамастан мореналық көлді бақылауға арнайы мамандар да жұмылдырылады. Ал олар су деңгейін рейкамен өлшеп отырады.



«Рейкамен су деңгейін қарап отырады. Бұл қазық емес, рейка. Негізі судың деңгейі дәл қазір қатты көтеріле қоймаған. Негізі деңгейі 1-2 метрге көтеріледі. Біз соны қадағалаймыз. Көтерілсе суды сифон құбырлары арқылы төмен түсіреміз», – деді  «Қазселденқорғау» ММ қызметкері Ұлан Жұмаев.



Сел жүру қаупін болдырмас үшін орнатылған датчик судың температурасын өлшейді.



«Қазіргі кезде бұл жерде температура 3-4 градусты ғана құрап отыр. Біз күнде қарап отырмыз. Күнделікті изотерманы бақылап отырмыз. Изотерма - маңызды құрал. Егер изотерма 5 мыңнан жоғары шығып кетіп, ол 10 күн ұстайтын болса сел қаупі төнеді дегенді білдіреді», – деді ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Әлібеков.



ТЖД өкілінің айтуынша, мореналық көлдегі судың қазіргі деңгейі қауіп төндірмейді. Бірақ мамандар тиісті жұмыстарды жоспарға сай жүргізе береді. Сел қаупі бар кезеңде 19 бекет те жұмыс істейді.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сел #Бекет #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика