AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы маңында лай көшкіні жүрді

Алматы маңында лай көшкіні жүрді

Әлеумет 02.05.2024, 11:19 1,263
Алматы маңында лай көшкіні жүрді
Сурет: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы Бурабай коттедж қалашығы аумағында лай сырғымасы түсті.



Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2 мамыр күні сағат 11:20-да ауа райының тұрақсыздығынан тау беткейінен топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 




«Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылы Бурабай коттедж қалашығы, Баянауыл көшесі №8 мекенжайына көлемі 30 текше метр топырақ өздігінен сырғып түсті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ» деп хабарлады әкімдіктен. 




Алматы облысы әкімдігі Бурабай коттедж қалашығы Баянауыл көшесіндегі №16 үйдің тұрғындарын көшкіннен қорғау мақсатында 2021 жылы биіктігі 4 метр және ұзындығы 144 метр тірек қабырға салынғанын жеткізді.




«Осы тірек қабырға топырақ көшкінінің тоқтауына себеп болды, осылайша, адамдар зардап шеккен жоқ. Жылына екі рет көшкін қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» ММ мамандары қауіпті учаскелерде тұратын тұрғындарға көшкіннің болу қаупі туралы хабарлама жібереді»,-деп атап өтті Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.




Көшкін салдарын жоюға «Қазселденқорғау» мекемесі, төтенше жағдайлар департаменті және «Қазгидроспецстрой» ЖШС мамандары тартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Талғар #Лай #көшкін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);