AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін...

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Алматы 03.04.2026, 10:49 206 Дина
Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді

Алматы lifestyle-туризм бағыты ретінде мәртебесін нығайтып келеді: демалыс пен бос уақытқа арналған сапарлар үлесі артып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып, демалыс пен бос уақытқа арналған сапарлар бағыты ретінде барған сайын тартымды бола түсуде. Бұл жайт Almaty Tourism Bureau мен Mastercard Tourism Insights бірлесіп дайындаған 2025 жылға арналған Алматы туризмі жөніндегі аналитикалық есепте айқын көрініс тапты.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Алматыға келетін туристер арасында рекреациялық туризмнің үлесі едәуір артқан. 2025 жылы қала қонақтарының 84%-ы Алматыға жеке мақсатпен, яғни тынығу, серуендеу және бос уақытын мазмұнды өткізу үшін келген. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа жоғары.

Мұндай өсім Алматының туристік келбеті өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Қала біртіндеп lifestyle-туризмнің тартымды бағытына айналып келеді. Мұнда табиғи ландшафттар, белсенді демалыс мүмкіндіктері мен бай мәдени орта үйлесім тауып, саяхатшылар үшін ерекше тәжірибе қалыптасып отыр.

Орталық Азия мен Кавказдағы Ташкент, Баку, Тбилиси және Бішкек қалаларымен салыстырғанда, бұл үрдіс жалпы өңірге ортақ болғанымен, Алматыда айрықша айқын байқалады. Бұл қаланың табиғи және рекреациялық әлеуетіне деген тұрақты сұраныстың жоғары екенін аңғартады.

Есепте туристік сапар форматының да өзгеріп жатқаны көрсетілген. Жеке саяхаттаушылар әлі де ең ірі сегмент болып қалып отыр, олардың үлесі шамамен 37%. Дегенмен, бұл көрсеткіш біртіндеп төмендей бастаған. Ал ең қарқынды өсім отбасылық туризм сегментінде тіркеліп, 2024 жылмен салыстырғанда 2,4 пайыздық тармаққа артқан.

Алматыдағы туристік сапар құрылымы:

— 37% — жеке саяхаттаушылар

— 22% — жұп болып саяхаттаушылар

— 21% — отбасылық сапарлар

— 20% — достармен жасалатын сапарлар

Сонымен қатар, топтық туризмнің 3 пайыздық тармаққа өсуі туристік сұраныстың кеңейіп, сапар форматының әртараптанып келе жатқанын көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай үрдіс Алматының белсенді демалысқа бейім қала ретіндегі болмысына толық сәйкес келеді. Қаланың табиғи байлығы, тау бағыттары, гастрономиялық ерекшеліктері мен мәдени өмірі туристерге жеке сапардан бастап отбасылық және достық туризмге дейінгі әртүрлі форматта саяхаттауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, 2025 жылғы талдау қорытындылары Алматыға деген қызығушылықтың тұрақты түрде артып келе жатқанын дәлелдейді. Қаланың туристік әлеуеті табиғи және рекреациялық ресурстар негізінде қарқынды дамып келеді. Ал Азия нарықтарынан келетін сұраныс туристік өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);