Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы КВИ бойынша «қызыл» аймақта, әкімдік қандай...

Алматы КВИ бойынша «қызыл» аймақта, әкімдік қандай шаралар қабылдады?

Оқиға 26.06.2021, 16:16 2,205
Алматы КВИ бойынша «қызыл» аймақта, әкімдік қандай шаралар қабылдады?
Сурет: A-cgkb.kz

Алматыда коронавирус дертінің көбеюі инфекцияның ушығуымен әрі жаңа «дельта» штаммының тез тарауымен байланысты.


Сондықтан қала тұрғындарының жұқтыруына жол бермеу бойынша күшейтілген шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2021 жылы 26 маусымда Қазақстан аймағында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы 5 күндік «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өтті. Қалада бір тәулік ішінде 217 коронавируспен сырқаттану жағдайы анықталды.


Қалада мониторингтік топтардың белсенді жұмысы жалғасуда, 2 856 рейд жүргізілді, 26 938 нысан қамтылды, карантиндік шектеулерді бұзған 2 410 (9%) нысан анықталды.



Сондай-ақ Алматыда қоғамдық орындарда карантиндік шаралар күшейтілді. Саябақтарға, скверлерге, хайуанаттар бағына, қала базарларының кіреберісінде бетперде сату мен қауіпсіздік шаралары туралы дыбыстық хабарлау ұйымдастырылуда, санитарлық патрульдердің жұмысы күшейтілді.



Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында тұрғындарды вакциналау қарқыны да артты.


26 маусымда Алматыда 413 703 адам вакцина алды. Алдыңғы тәулік ішінде 10 725 адам вакциналанды. 60 жастан асқан вакцинацияланған адамдардың жалпы саны - 59 590.



Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 256 адам жұмылдырылған 307 екпе бригадасы қызмет атқарады.



Бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қамтитын карантиндік шараларды қатаң сақтау, сондай-ақ көпшілік жиналатын орындарға бармаған жөн. Денсаулықты қорғаудың жалғыз жолы — вакцина алу.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бакытжан Сагинтаев #Алматы #кви #қызыл #сары #вакцина #маска
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика