AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Әлеумет Бүгін 08:56 43 yakiya
Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Былтыр Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,9 млн адамға қызмет көрсетілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz-тің мәліметінше, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,6% көп. Кейінгі бес жылда келушілер саны шамамен 3 есе артқан.

Келушілер саны бойынша абсолютті көшбасшы – Алматы тау кластері. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл аймақтың курорттарына шамамен 3 млн адам барған, бұл елдегі курорттық аймақтарда демалған барлық туристің 60%-дан астамы. Бір жыл ішінде келушілер саны 10% өскен.

Кластердің негізгі нысандары:

"Шымбұлақ",

"Ақ-Бұлақ",

Pioneer,

жыл бойы жұмыс істейтін Oi-Qaragai" курорты.

Oi-Qaragai курортына 2025/2026 қысқы маусымында 365 мыңнан астам адам барған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,9% көп. Олардың басым бөлігі шаңғы тебу үшін емес, жалпы демалыс үшін барған.

Екінші орынды "Бурабай" (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы) иеленді. Мұнда 463,1 мың адам демалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,6% көп.

Бұл аймаққа Бурабай кенті мен Щучинск қаласы кіреді. Негізгі санаторийлер мен демалыс базалары Бурабай, Щучье және Үлкен Шабақты көлдерінің маңында орналасқан. Демалыс қарағайлы орман, емдік климат, балшықпен емдеу және минералды сулармен танымал. Көрікті жерлердің қатарында Оқжетпес тауы мен Көк шығанақ бар.

Үздік үштікті Маңғыстау курорттық аймағы түйіндейді – мұнда 370 мың адам болған, алайда демалушылар саны бір жылда 9,5% азайған.

Маңғыстау облысындағы негізгі демалыс орындары:

Ақтау – теңіз жағасындағы басты курорттық қала,

Кендірлі – Каспий жағалауындағы тыныш демалыс аймағы,

Форт-Шевченко – тарихи қала,

басқа да жағалау базалары.

Үздік бестікке сондай-ақ Балқаш курорттық аймағы және Жетісу облысындағы Алакөл курорттық аймағы кірді.

Қызмет көлемі бойынша рейтингте де дәл осы бағыттар көш бастап тұр. Бірінші орында – Алматы тау кластері (122 млрд теңге, жалпы көлемнің 61,4%).

Одан кейін Бурабай (29,2 млрд теңге) және Маңғыстау (19,6 млрд теңге) орналасқан.

Сондай-ақ Алакөл мен Түркістан туристік аймақтары үздік бестікті толықтырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#курорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Бүгін 09:59

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);