AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы колледждері студенттері физика мен математи...

Алматы колледждері студенттері физика мен математикадан қалалық олимпиадада бақ сынады

Білім және ғылым 07.04.2026, 14:48 191 Сұлу
Алматы колледждері студенттері физика мен математикадан қалалық олимпиадада бақ сынады
Колледж әкімшілігі ұсынған сурет

2026 жылғы 6 сәуірде «ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE» КМҚК базасында дәстүрлі түрде қатарынан екінші жыл Алматы қаласының мемлекеттік колледждерінің студенттері арасында физика және математика пәндері бойынша қалалық олимпиада өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – дарынды студенттерді анықтау және қолдау, жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, сондай-ақ физика-математика пәндеріне деген қызығушылықты арттыру болды.

Олимпиадаға жоғары дайындық деңгейін көрсеткен, кәсіби дамуға ұмтылатын қала колледждерінің үздік студенттері қатысты. Қатысушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, талдау жасау дағдыларын және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу шеберліктерін айқын көрсетті.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар Moodle платформасында онлайн тест тапсырды. Тест 20 сұрақтан тұрып, оны орындауға 40 минут уақыт берілді. Бағалау автоматты түрде жүргізілді. Тест нәтижесінде 50%-дан жоғары нәтиже көрсеткен студенттер екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңде қатысушылар физика және математика пәндері бойынша жазбаша олимпиадалық тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар әртүрлі деңгейде құрастырылып, білім алушылардың теориялық және практикалық дайындығын жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Математика пәні (қазақ тілі):
I орын – Джумагазиева Мадина Маратқызы (ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE)
II орын – Мир Нурниса (Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі)
III орын – Өтеген Досбол Ғабитұлы (Алматы электромеханика колледжі)

Математика пәні (орыс тілі):
I орын – Чапаев Нуриддин (ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE)
II орын – Баянбаев Арыстан Қайнарович (Алматинский автомеханический колледж)
III орын – Жигайло Богдан Вадимович (Алматы сервис және технологиялар колледжі)

Физика пәні (қазақ тілі):
I орын – Маутқан Айқын (ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE)
II орын – Жолдас Данияар Абайұлы (Алматы электромеханикалық колледжі)
III орын – Оразтай Еркін (Жоғары медициналық колледжі)

Физика пәні (орыс тілі):
I орын – Набоков Мирон Владимирович (Алматинский автомеханический колледж)
II орын – Мақсатқызы Эльнара (Алматы көлік және коммуникациялар колледжі)
III орын – Захаропуло Артём Александрович (Алматинский строительно-технический колледж)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Олимпиаданың әділ әрі объективті өтуіне қазылар алқасының кәсібилігі үлкен үлес қосты. Әділ қазылар алқасының құрамында:

- Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің басшысы Сүлейменова Гүлнар Жәлелқызы,

- Диджитал Колледж математика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Рахимжанова Салтанат Кайраллиничн;

-  Жансүгіров атындағы   №130 гимназия  математика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Хайруллина Асель Раисовна;

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлы

- Алматы автомеханика колледжінің физика пәнінің мұғалімі, Дидарбек Пархат Баймаханбетұлы

      

Олимпиаданың әділ әрі сапалы өтуіне қазылар алқасының кәсібилігі зор үлес қосты. Қазылар құрамында жоғары білікті мамандар мен тәжірибелі педагогтар болды. Олар қатысушылардың жұмыстарын жан-жақты саралап, объективті бағалады.

Бұл білім додасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзара тәжірибе алмасуына және кәсіби тұрғыдан қалыптасуына үлкен мүмкіндік берді.

Физика және математика пәндері бойынша қалалық олимпиада – бұл білім мен біліктіліктің, шығармашылық пен технологияның тоғысқан алаңы.

 Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың әлеуетін ашып, техникалық білім беру сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);