AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы колледжінде BIM-технологиялары және лифт ша...

Алматы колледжінде BIM-технологиялары және лифт шаруашылығы бойынша бағыттар ашылады

Әлеумет 17.02.2025, 12:24 820
Алматы колледжінде BIM-технологиялары және лифт шаруашылығы бойынша бағыттар ашылады
fcrso.ru

Архитектура, дизайн және инженерия колледжі еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіруді жалғастыруда. 2025 жылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» сәйкес колледжде екі жаңа бағыт ашылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бірі –  ғимараттарды жобалаудың және пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері (BIM-технологиялар) болса, екіншісі –  лифт шаруашылығы мен эскалаторлар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында колледж директоры Камал Жамангозов мәлімдеді.

Оның айтуынша, халықаралық стандарттарға сәйкес қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларын құру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың қаңтарында Қытайдың Юбэй білім беру орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл студенттер мен оқытушыларға тәжірибе алмасу және тағылымдамадан өту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Жас Маман» жобасының арқасында колледж құны 170 миллион теңгеден астам заманауи құрал-жабдықтарға ие болды. 2023 жылы «Технониколь» құрылыс академиясымен бірлесіп, 120 миллион теңге инвестиция тартылған халықаралық құзырет орталығы ашылды.

«Технониколь» компаниясы жыл сайын оқу процесіне қажетті шығын материалдарына шамамен 12 млн теңге бөледі. Орталық ашылғаннан бері 2320 адам қысқамерзімді оқудан өтті, ал 2025 жылы кемінде 2600 маман даярлау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында колледжде OXYPROP (Қытай), Flugger (Дания) және Vetonit (Франция, Saint-Gobain  концерні) халықаралық брендтерімен бірлескен сырлау ісі мектебін ашылды. . Қазіргі уақытта Saint-Gobain компаниясымен құрылыс технологиялары саласында құзыреттілік орталығын құру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лифт #мамандық #ғимараттарды жобалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика