Алматы колледждері теория мен практиканы ұштастырып жатыр

  • 11:00, 12 қыркүйек 2025
Алматы колледждері теория мен практиканы ұштастырып жатыр Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Алматының Білім басқармасының ұйымдастырған баспасөз турында  колледж түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысы, олардың кәсіби қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар мен жұмыспен қамту мәселелері қаралды.  Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды. 
   
Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі қаланың Білім басқармасының қолдауымен «Колледж түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысы» атты баспасөз турын ұйымдастырды. Мақсаты – бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлауға әсер етер факторларды анықтау.

Баспасөз туры аясында журналистер «Алматы электромеханика зауыты» ЖШС-не барып, онда колледждің «Электр жабдықтары (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша түлектері жұмыс істеп жатқанын өз көздерімен көрді. Жас мамандар теориялық білімнің маңызы мен әлеуметтік серіктестермен бірлескен тәжірибелік дағдыларды меңгерудің артықшылығын атап өтті.

2024–2025 оқу жылында колледждің алты түлегі жинақталған трансформаторлық қосалқы станциялардың слесарь-жинақтаушысы ретінде зауытқа жұмысқа қабылданды. Олардың барлығы лайықты жалақымен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген. 2025–2026 оқу жылында 25 студент дуальді оқыту форматы бойынша өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл – жұмыс берушілердің жас кадрларға қызығушылығының артқанын, мамандарды тәжірибемен ұштастырып даярлаудың тиімділігін көрсетеді.

«Бұл жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған соң, біз алматылық колледждермен тығыз әрі белсенді жұмыс істей бастадық. Солардың бірі – Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі. Қазір бізде осы колледждің 50-ден астам студенті жұмыс істейді. Олардың алтауы ресми түрде жұмысқа қабылданып, айына 500 мың теңгеден астам жалақы алып отыр. Жалпы біз студенттерді бірінші курстан бастап өндірістік тәжірибеге қабылдаймыз. Дуальді оқыту түрінде 9 ай бойы тәжірибеден өтеді. Біз бұл колледжбен 11 жылдан бері әріптеспіз. Жыл сайын бізге 30-40 студент келеді. Көпшілігі бізде тұрақтап, жұмысқа орналасады», – деді  «Алматы электромеханика зауытының» басқарма төрағасы Асхат Ергешев.

Сонымен қатар, «Электр жабдықтары (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша оқитын студенттер «Академиялық ұтқырлық» жобасы аясында Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжінде оқу тәжірибесінен өтті. Бұл тәжірибе олардың практикалық дайындық деңгейін едәуір арттырып, зертханалық жабдықтар мен озық технологияларды пайдалануға мүмкіндік берді.

Іс-шара білім мен өндірістің тиімді кірігуіне мысал болып, жас мамандарды кәсіби жолында қолдаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:24

13:18

12:41

12:16

12:13

12:05

11:30

11:25

11:22

11:20

11:19

11:10

11:00

10:50

10:42

10:31

10:18

10:17

10:07

09:45

09:28

09:20

09:09

08:58

17:45