Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы кітапханасында Олжас Сүлейменовтің құрметін...

Алматы кітапханасында Олжас Сүлейменовтің құрметіне әдеби кеш өтті

Мәдениет Бүгін 09:44 23
Алматы кітапханасында Олжас Сүлейменовтің құрметіне әдеби кеш өтті
автордан

Шаһардағы А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада қоғам қайраткері, ақын, жазушы, лингвист-ғалым, дипломат, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби-мәдени кеш өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кештің мақсаты – қаламгердің рухани мұрасын жастарға жеткізу, оның шығармашылық жолын дәріптеу.

Кешке Олжас Омарханұлы денсаулығына байланысты қатыса алмады. Дегенмен ақын, жазушы, кинодраматург Бақытжан Қанапиянов, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түрксой Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сынды ізін басқан қаламгер іні-әріптестері арнайы келіп, жастарға тағылымды әңгімелер айтып берді.

«Олжас Омарханұлын жас кезімізден оқып өстік. Кейін қызметтес болдық. «Семей-Невада» қозғалысында да бірге, басы-қасында жүрдік. Қаншама ғасырлардан келе жатқан «біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда барамыз?» деген секілді бір сұрақтар болады. Сол сұрақтарға жауап іздеген адамдар да аз емес. Көбі жауап таба алмайды. Ал біздің заманымызда сол сұраққа жауап тапқан бірден-бір адам болса, ол – біздің Олжас Сүлейменов. Сонау Гильгамештен, анау шумерден бастап зерттеп, біздің түбіміздің, тіліміздің түп тамыры қайда жатқанын тауып жүрген адам. Тіпті, біздің қазақтың тілінің түп тамырын анау фараондардың тілінен де тауып отыр. Қазақтың рухын өзінің асқақ өлеңдерімен оятты. Жалпы Олжекеңнің жұлдызы «Арғымақ», «Адамға табын жер енді» атты шығармалары жарық көргенде жарқырады десек болады. Бір «Арғымағының» өзіне ақынның еркіндік пен жаңашылдық рухқа толы өлеңдері енген. Өзін танығысы келетін бүгінгі жастарға осындай кітаптарын оқуға кеңес беремін», – деді ақын Ұлықбек Есдәулет.

Кітапханашы Айнұр Балаубаева ұйымдастырған тағылымды кеште Олжас Омарханұлының кітапхана қорында сақталған кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Ал Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сахна тілі» кафедрасының студенттері ақын құрметіне арнап «Дара тұлға» атты сахналық көрініс ұсынды. Болашақ актерлерге беделді ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Салтанат Әшімованың «Алғыс хаты» табысталды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Бір айда – бір кітап»: «Кемел ұстаз құпиясы» кітабы талқыланды

Бүгін 10:33

Алматыда Қорғаныс министрі Голан жоталарына жіберілетін бітімгерлердің дайындығын тексерді

Бүгін 10:21

Қазақстанда үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

Бүгін 10:08

Қазақстан қысқы Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді

Бүгін 09:49

«Қайрат» жаңа маусымға дайын: Анарбеков №1, Сәтпаев №10 жейдемен өнер көрсетпек

Бүгін 09:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі