AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы кеденінде заңсыз дәрі-дәрмек партиясы анықт...

Алматы кеденінде заңсыз дәрі-дәрмек партиясы анықталды

Заң мен тəртіп 13.04.2023, 11:47 1,336
Алматы кеденінде заңсыз дәрі-дәрмек партиясы анықталды
Сурет: Іnterfax.ru

Дәрі-дәрмек Үндістаннан әкелінген.


Алматыдағы "Жетісу" кеден бекетінде кедендік тексеру барысында Үндістаннан заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясының жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



"Тағамға биологиялық белсенді қоспа" деген атпен таза салмағы 356 келі болатын 54 449 дана дайын дәрілік заттардың партиясын (таблетка түрінде) елге кіргізуге тырысқан", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Кедендік сараптама нәтижесінде тауар "дәрілік зат" екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған.



"Жүргізілген есептеулерге сәйкес, тауардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінен Қылмыстық кодекстің 234-бабында көзделген "экономикалық контрабанда" заңбұзушылық белгілері байқалады. Осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді", - делінген хабарламада.



Жалпы, жыл басынан бері департамент кедендік тексеру нәтижелері бойынша кеден заңнамасын бұзудың 780 фактісін анықтаған. Айыппұл сомасы 6,4 миллион теңгені құрады, қосымша 82,2 миллион теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.


МКД "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекстің 34-бабы 1-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда болатынын еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кеден #дәрі #Үндістан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);