Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы кәсіподақтары жаңа Конституция жобасын қолд...

Алматы кәсіподақтары жаңа Конституция жобасын қолдайды

Барлығы 13.02.2026, 17:15 209
Алматы кәсіподақтары жаңа Конституция жобасын қолдайды
Алматы кәсіподақтар

Алматыда дөңгелек үстел өтіп, оның барысында салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары 2026 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының конституциялық реформаны және референдум өткізуді қолдау жөніндегі Үндеуін қолдады.

Өз сөзінде Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Зауреш Өмірбаева:

«Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы ашық түрде және кең ауқымды сарапшылар құрамының қатысуымен әзірленуде. Бұрын жоба он шақты маманның қатысуымен дайындалса, бүгінде талқылауға шамамен 130 адам, оның ішінде 20 заңгер мен қоғамдық кеңестердің өкілдері тартылды. Талқылау ашық форматта өтіп жатыр, әрбір азамат ұсынылып отырған өзгерістермен таныса алады. Біз “әркімнің еңбек етуге құқығы бар” деген тұжырымнан бастап “лайықты еңбекке құқық” деген нұсқаға дейін түрлі формулировкаларды қарастырдық. Қорытынды мәтінге сарапшылар қолдаған нормалар енгізілді», – деп атап өтті.

"Бүгін Алматы кәсіподақтары атынан жаңа редакцияны қолдау туралы үндеу білдіріп отырмыз. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға, билік пен қоғам арасындағы байланысты жақындатуға бағытталған реформа. Маған ерекше ұнағаны – «Құрылтай» ұғымының енгізілуі. Қазақ халқы үшін бұл тарихи тұрғыдан жақын, түсінікті атау. Бір палаталы парламент 145 депутаттан тұрады деп көрсетілген. Меніңше, бұл шешім қабылдау үдерісін жеделдетеді. Сондай-ақ вице-президент лауазымының енгізілуін маңызды қадам деп санаймын. Бұл – президенттен кейінгі жоғары мемлекеттік қызмет. Қажет болған жағдайда ол президенттің өкілеттігін толық атқара алады. Сонымен бірге мемлекет басшысының жүктемесін азайтуға ықпал етеді. Бұрынғы Қазақстан халқы ассамблеясына да жаңа өкілеттіктер беріліп отыр. Заң шығару бастамасына қатысу мүмкіндігі кеңейеді. Бұл еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне белсенді араласуына жол ашады.Жалпы, бұл өзгерістер халық мүддесіне бағытталған деп есептеймін", - дейді Данияр Алтыбаев,«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Барлық қатысушы Конституцияға енгізілетін түзетулер парламенттің рөлін күшейтуге және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыруға бағытталған деген ортақ пікірге келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика