AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы жұрты актер Мұрат Бисембинді соңғы сапарға...

Алматы жұрты актер Мұрат Бисембинді соңғы сапарға шығарып салып жатыр

Мәдениет 09.01.2026, 10:12 787
Алматы жұрты актер Мұрат Бисембинді соңғы сапарға шығарып салып жатыр
instagram.com/murat_bissenbin

Бүгін, 9 қаңтарда Алматыда қазақстандық актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қоштасу рәсімі сағат 10:00-де Алматының Орталық мешітінде (мекенжайы: Пушкин көшесі, 16) басталды. Дата, уақыт және орын туралы мәліметті актердің қызы хабарлаған.

Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол отандық кинодағы рөлдерімен көпшілікке кеңінен танылып, харизмасымен және есте қаларлық экрандық бейнелерімен көрерменнің ықыласына бөленген. Әсіресе «Рэкетир» фильміндегі Руслан рөлі актердің танымалдығын арттырып, оны қазақстандық кино өнеріндегі ең беделді тұлғалардың біріне айналдырды.

Марқұмның әріптесі Жан Байжанбаевтың айтуынша, актер бір жылдан астам уақыт онкологиялық дертпен күрескен. Соңғы кезде жағдайы күрт нашарлап, шұғыл иммунотерапия қажет болғанымен, дәрігерлердің және жақындарының күш-жігеріне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылордада туған. Алдымен политехникалық институтты ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша тәмамдағанымен, кейін актерлік жолды таңдаған. Өнер иесі отбасылы, үш баланың әкесі болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұрат бисембин #актер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Дональд Трамп Тоқаевқа құттықтау хат жолдады

Бүгін 11:14

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Бүгін 11:02

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін 09:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Бүгін 08:00

Елена Рыбакина US Open жеңімпазы атанды

Бүгін 05:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);