конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жастары референдумды қолдауға арналған кезе...

Алматы жастары референдумды қолдауға арналған кезекті шарасын өткізді

Барлығы 13.02.2026, 17:48 513 Сұлу
Алматы жастары референдумды қолдауға арналған кезекті шарасын өткізді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы комьюнити-орталықта алдағы референдумды қолдауға арналған іс-шара өтті. Кездесуге ауданның белсенді жастары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және комьюнити-орталық резиденттері қатысты.

Іс-шара meet up форматында ұйымдастырылып, әрбір қатысушы өз ұстанымын ашық білдіруге мүмкіндік алды. Жиын барысында қатысушылар жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін талқылап, ел дамуы үшін маңызы зор өзгерістерге тоқталды. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту және әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.

Алмалы аудандық комьюнити-орталығының жетекшісі Шәмші Құдайберген мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті:

«Бүгінгі таңда жастармен ашық диалог алаңдарын құру аса маңызды. Конституция – мемлекеттің берік іргетасы. Оның мазмұнын талқылау жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, азаматтық ұстанымын нығайтады. Алмалы ауданының жастары қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуға дайын екенін көрсетіп отыр».

Өз кезегінде аудан белсендісі Ернар Серікұлы кездесудің маңызына тоқталды:

«Біз үшін бастамаларды жай ғана қолдау емес, олардың мәнін терең түсіну маңызды. Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылған. Осындай кездесулер еліміздің болашағына өз үлесімізді қосуға мүмкіндік береді».

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай ашық форматтағы іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Конституция #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жылуға қарызы бар 600-ден астам кәсіпорынға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуда

Бүгін 10:34

Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз

Бүгін 10:29

Жаңа Конституция, QR-код, 3 күндік демалыс: шілде айындағы өзгерістер

Бүгін 10:11

Қарулы күштердің әскери бөлімдері оқу-жаттығуларын өткізеді

Бүгін 09:06

Бүгін елдің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);