AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жастары референдум өткізуді қолдады

Алматы жастары референдум өткізуді қолдады

Барлығы 12.02.2026, 16:43 333 Дина
Алматы жастары референдум өткізуді қолдады
t.me/consot_kz

Алматы қаласы Наурызбай ауданының комьюнити-орталығында жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, комьюнити-орталықтардың жетекшілері мен сарапшылардың қатысуымен ашық диалог өтті. Талқылау барысында қатысушылар конституциялық реформалар жөнінде өз пікірлерін білдіріп, Негізгі заңның қоғам өміріндегі рөлін атап өтті.

Алматы қаласының белсенді жас өкілі Ақарыс Төребеков жастардың Қазақстан Республикасының дамуына қосатын үлесінің маңызын ерекше атап өтті:

«Мен, белсенді жас өкіл ретінде, Қазақстан Республикасының даму стратегиясын жетілдіруге және жаңғыртуға бағытталған әрбір реформаны қолдаймын. Жастар жаңа жобалар жасап, қоғамдағы тұрақтылыққа үлес қосып, өздерінің жан-жақты дамуы үшін еңбек етуі тиіс. Бұл бастаманы толық қолдаймын және жақын болашақта бізді үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенемін».

Өз кезегінде «Жетісу-2» комьюнити-орталығының жетекшісі Айбек Берікболұлы жаңа Конституцияның цифрландыру жағдайында адам құқықтарын нығайтуға ықпал ететінін айтты:

«Менің ойымша, Конституция – ең алдымен мемлекетіміздің тірегі. Ол – елдің іргетасы әрі қоғамымыздың дамуына негіз болатын құжат. Бүгінде Конституция нормаларының шамамен 84 пайызына өзгерістер енгізілді, оның ішінде бұрын цифрлық қауіпсіздік мәселелерін толық қамтымаған баптар да бар. Қазіргі заманда аса маңызды саналатын цифрлық қауіпсіздік саласындағы адам құқықтары осы өзгерістер аясында берік құқықтық негізге ие болады».           

Іс-шараға қатысқан Алматы қаласы «Жарық» бірлестігінің мүшесі Жасұланұлы Бейбіт кездесудің маңыздылығына тоқталып, ерекше форматта өткенін атап өтті:

«Бүгінгі кездесу – алдағы болатын референдум үшін маңызды оқиға екенін атап өткім келеді. Конституцияның жаңа жобасы арқылы біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді тереңірек түсініп, азаматтық жауапкершілігімізді арттыруға мүмкіндік алдық. Біз еліміздің дамуына және құқықтық реформалардың табысты жүзеге асуына өз үлесімізді қосу үшін осы бастаманы қолдаймыз.»

Өткен брейнсторминг Алматы жастарының елдегі саяси үдерістерге бейжай қарамайтынын және мемлекеттік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетті.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бүгін 18:19

Алматыда психологиялық көмек көрсетудің жеңіл қысқа нөмірі — 1303 енгізілді

Бүгін 17:02

Алматыда «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

Бүгін 16:26

Алматыда Бекмаханов көшесінің бір бөлігінде түнде қозғалыс шектеледі

Бүгін 16:24

«Байтақ» пен «Әділет» альянс құруы мүмкін

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);