Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы жастары» бағдарламасына қосымша 1,4 млрд т...

«Алматы жастары» бағдарламасына қосымша 1,4 млрд теңге бөлінеді

Әлеумет 29.11.2024, 18:35 746
«Алматы жастары» бағдарламасына қосымша 1,4 млрд теңге бөлінеді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен «Алматы жастары»  тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғастырылады.  

Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қаласының бюджетін нақтылау шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтар үшін әлеуметтік көмек көлемі ұлғайтылды: 585 млн теңге аудандық әкімдіктерге азаматтарға үйде әлеуметтік қолдау көрсетуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бөлінеді.

Қанат Сухамбеков атап өткендей, «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру үшін бюджеттен қосымша 1,4 млрд теңге бөлінеді. 

Бұл, оның айтуынша, әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 80 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ішкі істер органдарының 2 510 қызметкеріне жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы жастары #қаржыландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00

Түркістан облысында мал ұрлаған бір топ адам ұсталды

Бүгін 15:44

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика