Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы және Пусан ынтымақтастық туралы келісімге қ...

Алматы және Пусан ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Әлеумет 14.09.2022, 11:15 1,206
Алматы және Пусан ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы шеңберінде Алматы және Пусан қалаларының арасында достық пен ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.


Меморандум түрлі салаларда, оның ішінде, экономика, туризм, мәдениет, білім, шығармашылық индустрия (кино және цифрлық медиалар) салаларында өзара ынтымақтастықты көздейді. Құжатқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, сондай-ақ Пусан қаласының экономика жөніндегі вице-мэрі Ли Сонгвун қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сондай-ақ,  кездесу шеңберінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар  басқармасы мен Пусан қаласының экономикасын ілгерілету агенттігі арасында ынтымақтастық туралы Келісім жасалды. Құжатқа Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев және Пусан қаласының экономикасын ілгерілету агенттігі Жаһандық бизнесті қолдау департаментінің директоры Ким Джаегаб қол қойды.



Пусан қаласының делегациясы Алматы қаласына іссапармен «Еуразиялық экспедиция» шеңберінде келді. Оның негізгі миссиясы Еуропа мен Азияның белгілі бір елдерімен достық қарым-қатынастар орнату, жергілікті халықпен мәдениет және білім саласында тәжірибе алмасу, «ЭКСПО-2030» көрмесін (Пусан қаласы) ілгерілету шеңберінде Пусан қаласының танымалдылығын арттыру болып табылады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пусан #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкімет бағаға қойылған шектеулерді алып тастамақ

Бүгін 09:29

Курортты өңірлерді дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған жол картасы бекітілді

Бүгін 09:17

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Бүгін 08:55

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 75,97 жасқа жетті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, тұман...

Бүгін 08:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика