AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ХҚО-ларында халық үшін Ашық есік күндері өт...

Алматы ХҚО-ларында халық үшін Ашық есік күндері өтуде

Әлеумет 17.02.2022, 10:53 1,430
Алматы ХҚО-ларында халық үшін Ашық есік күндері өтуде
Сурет: Vlast.kz

Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру шеңберінде Ашық есік күндері өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алатау аудандық ХҚО бөлімінде өткен Ашық есік күніне аудандық прокуратура, тұрғын үй басқармасы мен жұмыспен қамту бөлімінің мамандары қатысып, тұрғындарды қабылдады. Жұмыссыздық, жәрдемақыны рәсімдеу, тұрғын үй кезегін белгілеу мәселелері бойынша 40-қа жуық азаматтың сұрақтары қаралып, әр мемлекеттік мекеме өз құзыреті шегінде азаматтардың мәселелерін бақылауға алды. Кейбір тұрғындардың мәселесі сол жерде шешілді.



«ХҚО-дан қызмет алуға келетін азаматтардың құжаттарын қабылдау барысында келеңсіздіктерге тап болып жатамыз. Құжаттарын дұрыстап әкелуді өтінсек, «әуре-сарсаңға салдың» деп клиенттер ренжіп жатады. Мынадай қабылдаулар, клиенттердің мәселелерін дер кезінде, әуре-сарсаңсыз бітіруге септігін тигізеді», - деді Алатау аудандық бөлімінің басшысы Айдос Айнабеков.



«Алатау аудандық ХҚО-да өтіп жатқан қабылдау азаматтардың сұрауы бойынша айдың соңына дейін, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі деп жоспарлануда. Шара барлық санитарлық нормаларды, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді», - деді Алматы ХҚО баспасөз қызметінде.


Айта кетейік, Алатау аудандық ХҚО мекенжайы, «Нұркент» ықшамауданы, 5-корпуста орналасқан. Бұған дейін Алматының Түрксіб аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында Ашық есік күні өткен болатын. Онда «Қазақстан халқына» қорына қатысты сұрақтар ХҚО-ның құзыретіне жатпайтыны айтылған еді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО #ашық есік күні #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);