AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Франциямен халықаралық серіктестікті күшейт...

Алматы Франциямен халықаралық серіктестікті күшейтуді жоспарлап отыр

Барлығы 11.09.2025, 11:37 799 Сұлу
Алматы Франциямен халықаралық серіктестікті күшейтуді жоспарлап отыр
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.

Кездесуде экономика, кәсіпкерлікті дамыту, мәдени-гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы, қалалық ортаны жаңғырту және мегаполисте жайлы өмір үшін заманауи шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Дархан Сатыбалды Алматы еліміздің ірі мегаполисі ретінде француз бизнесімен әртүрлі салаларда – туризм, қонақүй индустриясы, шағын және орта кәсіпкерлік бағытында серіктестікке ашық екенін атап өтті.

"Бүгінде Алматыда француз капиталының қатысуымен шамамен 60 кәсіпорын жұмыс істейді. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына құйылған француз инвестициясының жалпы көлемі 20 млрд доллардан асты. Біз серіктестер үшін барлық жағдайды жасап отырмыз: қалада арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бар. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстар да белсенді дамуда. Алматыда француз тілі мен мәдениеті жоғары бағаланады. Қаламыздың іскерлік ортасы сергек, жаңашылдыққа ашық әрі сенімді серіктестікке ұмтылысымен ерекшеленеді", – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Өз кезегінде Сильван Гиоге Францияның білім, мәдениет және экономика салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты байланыстарды нығайту және Қазақстан мен Францияны жақындастыратын жаңа бастамаларды дамыту ниетін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Франция #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);