Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы энергетика және электронды технологиялар к...

Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінде жаңа оқу шеберханалары ашылды

Барлығы 02.12.2025, 12:14 418
Алматы энергетика және электронды  технологиялар колледжінде жаңа оқу шеберханалары ашылды
Сурет: Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі

Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға бағытталған кезекті маңызды қадам жасалды. 2025 жылғы 28 қарашада «Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінде» «KAZ ENERGO POWER» ЖШС және «Legrand» ЖШС серіктестігімен жабдықталған жаңа оқу шеберханаларының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімдігінің өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің мамандары, колледж директорлары және колледж оқытушылар қатысты.

Бұл бастама Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылып, жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіби маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Жаңа шеберханалар 07130100 «Электр жабдықтары», 07130200 «Электрмен жабдықтау» мамандықтары бойынша білім алушыларға заманауи технологиялармен жұмыс істеуге, өндірістік жағдайда тәжірибесін жетілдіруге жағдай жасайды.

Аталған оқу кеңістігі колледждің әлеуметтік серіктесі – «KAZ ENERGO POWER» ЖШС-нің қолдауымен толықтай жабдықталды. Компания – ішкі және сыртқы орнатуға арналған жиынтық тарату құрылғылары, жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар, стандартты және стандартты емес тарату шкафтарын өндіретін отандық жетекші кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорын келесі бағыттар бойынша жоғары сапалы электротехникалық өнімдер шығарады:

жоғары кернеулі электр жабдықтары;

төмен кернеулі электр жабдықтары;

стандартты емес электротехникалық құрылғылар;

жиынтық трансформаторлық қосалқы станциялар.

Сонымен қатар компания жеткізілетін жабдықтардың жобалау, монтаждау, іске қосу-баптау, сервистік және кепілдік қызметтерін толық қамтамасыз етеді. Бұл шеберхана студенттердің энергетикалық жүйелерді автоматтандыру және реле қорғанысы бойынша өзекті дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

«Legrand ProLab – Болашақ маман» шеберханасы

Екінші жаңа оқу кеңістігі — «Legrand» ЖШС-нің қолдауымен іске асырылды. Legrand – тұрғын үй, коммерциялық және өнеркәсіптік нысандарға арналған электрожабдықтары мен құрылымдық кабельдік жүйелердің халықаралық деңгейдегі өндірушісі және жеткізушісі.

Компанияның негізгі өнім бағыттары: розеткалар, қосқыштар және модульдік құрылғылар; автоматты ажыратқыштар және қорғаныс элементтері; кабель арналары мен модульдік панельдер; электр және цифрлық инфрақұрылымға арналған кешенді шешімдер.

Legrand өндіретін жабдықтарды жобалау, монтаждау, іске қосу және сервистік қолдауды толық қамтып отырады. Жаңа шеберхана білім алушылардың заманауи электрмонтаж жұмыстарын меңгеруіне, цифрлық инфрақұрылым элементтерімен жұмыс істеу біліктілігін арттыруға бағытталған.

Жаңа шеберханалардың ашылуы — дуальды оқыту жүйесін күшейтудің, әлеуметтік серіктестік аясын кеңейтудің және техникалық мамандықтардың беделін арттырудың нақты қадамы. Колледж басшылығының айтуынша, мұндай оқу орталықтары студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, өндірістік ортаға бейімделуін жылдамдатады.

Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі алдағы уақытта да серіктес ұйымдармен бірлескен жобаларды жүзеге асырып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлауды жалғастырмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж #энергетика және электронды технологиялар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін 08:04

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі