Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы экономикасының болашағы колледждерге қарап...

Алматы экономикасының болашағы колледждерге қарап тұр

Барлығы 28.01.2026, 17:37 186
Алматы экономикасының болашағы колледждерге қарап тұр
ӨКҚ

Алматыда жұмысшы мамандықтарын дамыту мен тегін кәсіптік білім беру еңбек адамын қолдап, жастарды жұмыспен қамтудың негізгі тетігіне айналып барады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осы туралы айтылды. Сәулет, дизайн және инженерия колледжінің директоры Камал Жаманғозов жұмысшы кадрларды даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін трансформациялау қаланы дамытатын маңызды фактор екенін атап өтті.

Спикердің айтуынша, қазір қала экономикасы білікті жұмысшы мамандарға қатты тәуелді болып тұр. Инвестицияларды, осы заманғы технологиялар мен үлкен инфрақұрылымдық жобаларды бұл саланың ұңғыл-шұңғылын білетін жақсы мамандарсыз қолға алу қиын. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі өңірлік саясатта алдынғы қатарға шығып отыр.

"Біз дипломға бола оқытатын модельден бас тартып, қаланың экономикасына керек мамандарды даярлауға көшіп жатырмыз. Қазір колледждерге де  түлектердің санынан гөрі, әрқайсысының бірінші күннен бастап жұмысқа дайын болып, жұмысқа орналасқаны маңызды", – дейді Камал Жаманғозов.

Жұмысшы кадр даярлауды жұмыс берушілермен бірлесіп қолға алған. Оқу бағдарламалары нақты өндірістік үдеріске бейімделіп, дуальды оқыту кеңейтіліп, практикалық бөлім жағы да күшейтілді. Ол бизнес біліктілік талаптарын қалыптастыруға, өндірістік практиканы ұйымдастыруға және оқу нәтижелерін бағалауға белсенді қатысып, білім беру мен еңбек нарығының арасындағы алшақтықты қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.

"Жұмыс берушілер қазір колледждерге серіктес болып отыр. Олар дағдыға қойылатын талапты қалыптастыруға көмектеседі, студенттерді тәжірибеден өткізіп, олардың дайындық деңгейін бағалайды. Яғни, оқу барысын өндіріспен үйлестіріп отырмыз", – деп атап өтті колледж директоры.

ТжКБ жүйесі терең трансформация кезеңінен өтіп жатыр. Спикердің айтуынша, қазіргі колледж оқу орны ғана емес, кадрлар даярлайтын, ересек мамандарды қайта даярлаумен айналысатын, жаңа технологиялар мен өндірістерді енгізуді сүйемелдейтін құзыреттер орталығы. Мұндай модель колледждерді қаланың экономикалық инфрақұрылымына кіріктіреді.  

ТжКБ трансформациясы Алматы экономикасының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Кәсіпорындар дайын мамандарға қол жеткізіп, қызметкерлерді қайта оқытуға кететін шығындарды азайтады, түлектер тұрақты жұмыспен қамтылып, қызметте кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік алады.   

"Тұрақты нәтижеге мемлекет пен Білім басқармасы тарапынан жүйелі қолдау көрсетілмей қол жеткізу мүмкін емес. Материалдық-техникалық базаны жаңарту, бизнес-пен әріптестікті дамыту мен колледждердің басқаруға икемділігі директорларға басқарушы ретінде сенім білдіріп, үйлесімді шешімдерді қола алуды талап етеді", – деп қосты Камал Жаманғозов.

Нәтижесінде, жұмысшы кадрларды даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау бүгінде білім беруді ғана міндеттеп қоймай, Алматы мен тұтас өңірдің экономикасын тұрақты дамытуға бағытталған стратегиялық инвестиция ретінде қарастырылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж #колледж студенттері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика