конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы Eater басылымының «Where to Eat 2026» гастр...

Алматы Eater басылымының «Where to Eat 2026» гастрономиялық бағыттар тізіміне енді

Алматы Бүгін 14:17 40 yakiya
Алматы Eater басылымының «Where to Eat 2026» гастрономиялық бағыттар тізіміне енді

Қазақстанның ең ірі қаласы әрі бұрынғы астанасы Алматы Орталық Азиядағы басты гастрономиялық бағыттардың бірі ретінде танылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Американың беделді Eater басылымы қаланы 2026 жылға арналған «Where to Eat» – тағамсүйер қауым міндетті түрде баруы тиіс бағыттар тізіміне енгізді. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Eater – мейрамханалар мен гастрономия туралы әлемдегі ең ықпалды басылымдардың бірі. Оның тізіміне ену қаланың халықаралық танымалдылығын арттырып, гастрономиялық туризмнің дамуына оң ықпал етеді.

Басылымның бағалауынша, соңғы жылдары Алматы өңірдің маңызды аспаздық орталығына айналды. Мұнда Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген бас аспаздардың басын қосқан алғашқы Almaty Food Fest фестивалі өтті және қаланың алғашқы ресми гастрономиялық гиді жарық көрді. Алматының тағам мәдениеті көшпелі қазақ дәстүрлерін ұйғыр, орыс, өзбек, корей, түрік және үнді аспаздық өнерімен үйлестіре білген. Ет, қазы, самса, бауырсақ пен лағман сияқты ұлттық тағамдар осы мәдени алуандықтың жарқын көрінісі саналады. Дәстүрлі дәмдерді әлі де Көк базардан табуға болады, ал нео-көшпелі бағыттағы мейрамханалар оларды заманауи үлгіде ұсынады.

Eater Алматыдағы шай ішу мәдениетіне де ерекше тоқталған. Басылымның жазуынша, қала дастарханында шәйнек әрдайым төрде тұрады. Сондай-ақ, туристерге сәбіз қосылған палау мен қазының дәмін татып көруге кеңес береді. Бұған қоса, жергілікті тағамдарды ұсынатын мейрамханалар желісінің көптігі саяхатшылардың қазақ асханасымен оңай танысуына мүмкіндік беретіні айтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Құрметті донор» төсбелгісі бекітілді

Бүгін 14:10

Алматы колледждеріне 8 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 11:27

Скринингтен өту: ақылы әлеуметтік демалыс

Бүгін 11:20

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Бүгін 11:00

Шетелдік туристердің Алматыға деген қызығушылығы 71%-ға артты

Бүгін 10:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);