AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Дженнифер Лопестің концертіне әлемдік деңге...

Алматы Дженнифер Лопестің концертіне әлемдік деңгейдегі сахна дайындап жатыр

Барлығы 09.08.2025, 16:37 686 Дина
Алматы Дженнифер Лопестің концертіне әлемдік деңгейдегі сахна дайындап жатыр
сурет: Алматы әкімдігі

220 кәсіби маманнан құралған команда Алматы төрінде Дженнифер Лопестің ғаламат шоуын жасап жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

10 тамызда Алматы әлемдік поп-музыканың орталығына айналады. Қала стадионында әншінің 2025 жылғы жазғы Summer туры аясында ауқымды концерт өтеді.

Алаңда халықаралық стандарттарға сай, көпдеңгейлі, ауқымды сахна орнатылуда: тік мұнаралар, көтерілетін платформалар, аса дәл жарық және бейне жүйесі. Қойылымның әр элементі секунд сайын есептеліп, мінсіз жұмыс істеуі үшін әр елден жиналған білікті мамандардың үйлесімді еңбегімен жасалып жатыр.

«Қайрат» ФК ойыны аяқталған бойда стадионға қазақстандық прокат компанияларының жабдықтары тиелген бес жүк көлігі кірді. Бар-жоғы үш күн ішінде, тәулік бойы жұмыс істей отырып, 220-дан астам техникалық маман — монтажшылар, инженерлер, үйлестірушілер еңбек етіп жатыр. Біз сахнаны орнатумен қатар, қауіпсіздік қызметкерлеріне, еріктілерге, билет сатушыларға нұсқаулық өткізіп жатырмыз. Бұл ауқымы мен орындалу жылдамдығы жағынан командалық жеңіс болған жоба. Тіпті, әлемдік турдың техникалық директоры да біздің жұмыс ырғағымызға таңданыс білдірді», — деді First Media Group директоры Әльфия Нұрғұмарова.

Ұйымдастырушылар қала қызметтерімен бірлесе отырып, қауіпсіздік пен логистиканың негізгі қырларын пысықтап жатыр. Концерт күні стадион аймақтарға нақты бөлінеді: фан-аймақтар, лаунж-аймақтар, фуд-корттар, VIP және медиа аймақтар. Қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін медициналық бригадалар, төтенше жағдай қызметкерлері және өрт сөндіру топтары кезекшілік атқарады. Кіру қақпаларына металлдетекторлар мен қол сканерлері бар 26 бақылау-өткізу пункті орнатылады.

Барлық ықтимал жағдайға әрекет ету сценарийлері Төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем, полиция және өзге де құрылымдармен тығыз үйлестіруде пысықталып жатыр. Әрбір қонақтың өзін қауіпсіз сезінуі маңызды. 

«Концерт билеттері толық сатылып кетті. Оларды АҚШ пен Жапониядан бастап, БАӘ мен Канадаға дейінгі 35-тен астам елдің көрермендері және мыңдаған қазақстандық сатып алды. Мұндай халықаралық қызығушылық концертті туризм мен креативті экономиканың қуатты драйверіне айналдырып, Алматының аймақтың мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін нығайтады. Бұл жай концерт емес, Қазақстан үшін тарихи сәт технология, шеберлік пен энергияның тоғысуы, ол қаланың жылнамасына алтын әріптермен жазылады», — деп сөзін түйіндеді Әльфия Нұрғұмарова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дженнифер Лопес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);