AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Дженнифер Лопес концертін қарсы алуға толық...

Алматы Дженнифер Лопес концертін қарсы алуға толық дайын

Барлығы 07.08.2025, 14:30 803 Сұлу
Алматы Дженнифер Лопес концертін қарсы алуға толық дайын
Алматы әкімдігі

Әлемдік поп-жұлдызы Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті 10 тамыз күні өтеді. Музыкалық кешті жоғары деңгейде өткізуге қаланың Орталық стадионы барлық жағынан дайын. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, инфрақұрылым толық жаңғыртылды. Трибуналар жөнделіп, баспалдақтар жаңартылып, орындықтар ауыстырылды.

Стадион аумағында жүріп жатқан кішігірім құрылыс және жөндеу жұмыстары 9 тамызға дейін толық аяқталады. Бұған дейін стадионның жарық жүйесі жаңартылып, 50-ден астам шам ауыстырылды. Қазіргі таңда сахнаның техникалық жабдықталуы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілуде. Сыртқы дәретханалар жаңартылды, қоршаулар қалпына келтіріліп, іргелес аумақ абаттандырылды.

Қазіргі уақытта сахнаның техникалық жабдықталуы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілуде.

«Бұл концерт – Алматы үшін аса маңызды оқиға. Оның қалай өтетіні қаланың халықаралық беделіне тікелей әсер етеді, сондықтан ұсақ-түйек жайттарды да ескеру қажет. Мұндай шаралар Алматыға деген қызығушылықты арттырып, туристерді тарту үшін маңызды», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Концерт кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2960 қызметкер жұмылдырылады: оның ішінде 2240 полиция қызметкері, 600 әскери қызметкер, 120 жеке күзет агенттігі өкілдері және 300 ерікті бар. 

Кешке келетін қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында стадионға кіретін 26 бақылау бекетінің әрқайсысында металл детекторлар мен 52 қол сканерлері жұмыс істейтін болады. 

Стадион аумағы төрт негізгі фан-аймаққа бөлінеді, әрқайсысына екі-үш мың адамнан артық жіберілмейді. Осылайша, көрермендердің қозғалысын бақылау мен тәртіпті сақтау барынша оңтайландырылды.

Қала әкімдігі тарапынан санитарлық талаптар да басты назарда. Стадион жанына қосымша 100-ге жуық биотуалет қойылады, аумақ бірнеше кезең бойынша зарарсыздандырылады. Тазалыққа мән беру мақсатында волонтерлер арасында "Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық шаралары жүргізіледі.

Оқиға орнында жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметтерінің көліктері кезекшілік етеді. Барлық төтенше жағдайлар қызметтері толықтай дайын. Сонымен қатар, эвакуациялық жоспар мен дыбыстық хабарлау жүйелері тексеруден өткізілді.

Келушілерге қолайлы болуы үшін 50 қоғамдық автобус арнайы маршруттармен қызмет көрсетеді. Қозғалыс бағыттары Абай, Сәтбаев, Байтұрсынов көшелері бойымен белгіленіп, навигация мен LED-экрандар арқылы көрсетілетін болады.

Алматы Дженнифер Лопестің концертіне тек сахна жағынан ғана емес, қауіпсіздік пен ұйымдастыру жағынан да әлемдік стандарттарға сай дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дженнифер Лопес #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);