AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы дәрігері балалар мен ересектердегі күн өтуд...

Алматы дәрігері балалар мен ересектердегі күн өтудің белгілері туралы еске салды

Алматы Бүгін 15:01 47 yakiya
Алматы дәрігері балалар мен ересектердегі күн өтудің белгілері туралы еске салды

Алматыда күннің қатты ысуына байланысты күн және ыстық өту қаупі артып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дәрігерлер, әсіресе, балаларға, қарттарға және созылмалы ауруы бар адамдарға мұқият болуды ескертеді. Мамандар күн астында ұзақ жүрмеуге және ағза қызып кетсе, дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Осы және өзге де алдын алу шаралары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Қарлығаш Абдрахманова айтты.

Маманның сөзінше, күн өту - ыстық өтудің ең қауіпті түрлерінің бірі. Ол адамның басына және денесіне күн сәулесінің ұзақ уақыт тікелей түсуінен болады.

«Күн өткен кезде адамның басы қатты ауырып, басы айналуы, әлсіздік, жүрек айну, құсу, жүрек соғысының жиілеуі және дене қызуының көтерілуі мүмкін. Ауыр жағдайда адам есінен танып, құрысуы, тіпті комаға түсуі ықтимал», - деді Қарлығаш Абдрахманова.

Оның айтуынша, күннің өтуі, әсіресе, балалар үшін қауіпті. Өйткені, олардың дене температурасын реттеу жүйесі әлі толық қалыптаспаған.

Күн өтудің алғашқы белгілері байқалған жағдайда адамды дереу салқын жерге немесе көлеңкеге апарып, артық киімін шешіп, таза ауаға шығару және денесін салқындату қажет.

«Маңдайға, мойынға, қолтыққа және шап тұсына салқын компресс қойған дұрыс. Себебі осы тұстардан ірі қан тамырлары өтеді. Егер науқас есін жоғалтпаған болса, су балансын қалпына келтіру үшін оған салқын суды аз-аздан беру керек», – деп түсіндірді дәрігер.

Мамандар егер күн өткен адамның жағдайы нашарлап, есінен танса, қатты құсса немесе дене қызуы жоғары болса, жедел жәрдем шақыру қажеттігін ескертеді.

Дәрігерлер жаз мезгілінде алдын алу шараларына ерекше мән беруге кеңес береді. Атап айтқанда, сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін күн астында жүрмеу, бас киім кию, ашық түсті жеңіл киім таңдау және жеткілікті мөлшерде таза су ішу маңызды.

Сондай-ақ, мамандар күн өткен кезде алкогольді ішімдіктерді, кофені және тәтті газдалған сусындарды тұтынуға болмайтынын ескертеді. Бұдан бөлек, ағзаны мұздай сумен салқындату немесе спирт қосылған ерітінділермен сүртіну ұсынылмайды, өйткені бұл қан тамырларының күрт тарылуына және адамның жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Бүгін 15:24

Алматы тұрғындарына күн өту мен ішек инфекцияларынан сақтану жолдары ескертілді

Бүгін 15:03

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 14:54

Алматыда ішімдікке тәуелді 3,5 мыңнан астам адам есепте тұр

Бүгін 12:05

Алматылықтар кәдеге жаратуға 600-ден астам сынапты шам тапсырды

Бүгін 11:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);