Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы – чемпиондар шығатын қала

Алматы – чемпиондар шығатын қала

Барлығы 15.01.2026, 12:29 223
Алматы – чемпиондар шығатын қала
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы жоғары жетістіктер спортын дамыту мен спортта резерв даярлаудың қалай қолға алынып жатқанын баяндады.   

Оның айтуынша, қазір Алматыда  спорттың 87 түрі бойынша резерв даярланып жатыр. Бұл қаланы еліміздегі кәсіби спортты дамытып жатқан негізгі орталықтың бірі етіп отыр.

«2025 жылы алматылық спортшыларға 6 187 спорттық атақ берілді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 14%-ға артық (5 426 атақ). Олардың қатарында Қазақстан Республикасының 8 еңбек сіңірген спорт шебері мен 117 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар. Бұл спортшыларды даярлау деңгейінің жоғары екендігіне дәлел», – деді Спорт басқармасының басшысы.

Спикердің сөзінше, 2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамаларына 2 376 спортшы даярланған. Оның ішінде 853 спортшы негізгі құрамға, 713 – жастар құрамасына, 296 – жасөспірімдер құрамасына енді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға жоғары болып шыққан.

Сонымен қатар, еліміздің ұлттық құраманың жалпы санының үштен біріне жуығын Алматы қаласының спортшылары құрайды. Бұл қаланың Қазақстанның спорттық әлеуетін қалыптастырудағы жетекші рөлін көрсетеді.

Алматылық спортшылар түрлі деңгейдегі ресми жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 2025 жылы олар 5 562 медаль жеңіп алды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп (5 102 медаль).

Олардың ішінде:
– Қазақстан Республикасының чемпионаттарында – 4 800 медаль;
– Азия чемпионаттарында – 362 медаль;
– Әлем кубогының кезеңдерінде – 212 медаль;
– Әлем чемпионаттарында – 188 медаль.

Дархан Нұрханұлы Алматыға ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды болған біраз жетістікке де тоқталып өтті.

Назым Қызайбай Қазақстан тарихында алғаш рет бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанып, жас ұрпаққа үлкен үлгі болды.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, қазақстандық мәнерлеп сырғанаудағы ең елеулі жетістіктің біріне қол жеткізді. Ол осы табысымен он жыл бұрынғы аты аңызға айналған Денис Теннің жетістігін қайталады.

Айдана Құмартаева Қытайдың Уси қаласында өткен таеквондо WT бойынша әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, спорттың осы түрінен Алматыға алғаш рет әлем чемпионатының медалін алып келді. Аталған жүлде 2007 жылдан бері Қазақстан әйелдер құрамасының WT әлем чемпионатындағы екінші медалі болды.

Сондай-ақ Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль (7 алтын, 1 күміс пен 2 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Оның ішінде 4 медаль алматылық спортшы қыздардың еншісінде болып, бұл команданың жалпы нәтижесінің 40%-ын құрады.

Сөз соңында Дархан Нұрханұлы жоғары жетістіктер спортын дамыту, дарынды спортшыларды қолдау мен Алматының халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайту қала саясатының спорт саласындағы стратегиялық міндеті болып қала беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі