ffin.kz

«Almaty Business-2025» қалалық бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 16 млрд теңгеден астам қаржы берілді

«Almaty Business-2025» қалалық бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 16 млрд теңгеден астам қаржы берілді Сурет: Docplayer.org

1 074 жаңа жұмыс орны ашылды.


Almaty Business–2025 аймақтық бағдарламасы құрылғаннан бері 16,7 млрд теңгенің 228 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде 13,6 млрд теңге сомасына 56 жоба «Almaty Finance» ЖШС-де және 3,1 млрд теңгеге 172 жоба «Almaty» ЖШС-де қаржыландырылды. Бизнесті жеңілдікпен несиелендірудің арқасында Алматыда 1 074 жаңа жұмыс орны ашылды. Берілген қарыздардың 80%-дан астамы басым бағыттарға – әлеуметтік салаға, өнеркәсіпке және креативті экономикаға тиесілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2022 жылы «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында 1300-ден астам жаңа жұмыс орындарын құрып, 330 жұмыс орнын сақтай отырып, 160-тан астам жаңа жобаны мақұлдау және беру жоспарлануда. Сондай-ақ бюджетке түсетін қосымша түсімдердің салық салынатын базасы жылына кемінде 1,5 млрд теңгеге ұлғайтылатын болады.


Сонымен қатар, «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында 669 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы инвестициялар сомасы 1,5 млрд теңгеге 8 өндірістік парк іске қосылды. 2022 жылы Индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 2,1 млрд теңге болатын, 380 жұмыс орны ашылатын 5 өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарланған; келесі жылдары жалпы сомасы 2,7 млрд теңге болатын, 710 жұмыс орнын ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарланған.


Бөлінген қаржыландырудың шамамен 70%-ы іскерлік белсенділігі төмен және орта аудандарда (Алатау, Әуезов, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандары) бизнесті қолдауға бағытталды. Қосымша, «Алматы» ӘКК» АҚ құралдары арқылы 1 мың жұмыс орнын құрумен 18 ірі жоба (8 әлеуметтік және 10 коммерциялық) іске асырылды, 95,8 млрд теңге инвестиция тартылды.


Бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету бойынша 2021 жылы «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында 44,5 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетілді, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша қаржыландыруға дейін жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге 225 жоба мақұлданды, 370 жоба рұқсат құжаттарын алды, 941 бизнес-жоспар әзірленді, кәсіпкерлік негіздеріне 10 мыңнан астам тыңдаушы оқытылды. 


Анықтама: Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 419 шешімімен бекітілген «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10